» » Заман талабына сай жаңартылған білім беру

Заман талабына сай жаңартылған білім беру

Қазақстанда  орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үрдісінің құрлымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Мемлекетіміздің білім беру үрдісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. 

Аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенімізбен ұғынғанымыз мол.Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр-сырын зерттей бастаған сәттерімізде жаңартылған білім беру бағдарлама бойынша жүргізілген курстарда тыңдаушылардың бойында тілдік дағдылары қалыптастырудың оқытудың әдіс-тәсілдері үнемі жаңарып отыруы,инновациялық технологияларды меңгеріп оны тиімді қолдана білудің маңызы зор.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ ұйымдастыруымен және Қ.А.Тасқараеваның жетекшілігімен 2019ж 13-24мамыраралығында  әртүрлі аудан мектептерінен келген 30 тыңдаушымен курс өтті. Жаңартылған бағдарлама бойыншажүргізілген курста дәріс, тренингтеәріптестеріміздің қызығушылықтарыкүннен –күнге арта түсті.Осы орайда география пәні мұғалімдері   жаңартылған оқу бағдарламасы аясында жаратылыстану және география пәні бойынша білімдерін жетілдірді.Курс өте қызықты, тартымды, жан-жақты болды және жақсы натижелерге қол жеткізілді. Сондықтан, біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырған «Өрлеу»БАҰО» АҚФ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ ұжымына алғыс білдіре отырып,  тренеріміз Қалбибі Ахметқызына шығармашылық табыс   тілейміз.

             Ұстаздар үздік білім ала берсін,

             Шамшырақтарымыз жарқырап жана берсін. 

  Үздіктер ел есінде қала берсін,

             Қазақ  елі білімді ел бола берсін!

 

 

Байдосова  Гульнар  Абуталиповна 

Төлеби ауданы,Тасараық арнайы негізгі

 орта мектебінің география пәні мұғалімі


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
21 желтоксан 2019 г. 2 855 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 584 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930