» » Жаңартылға білім бағдарламасы туралы

Жаңартылға білім бағдарламасы туралы

«Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы және «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігі «Үздік ақпараттық мақала» және «Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурстары аясындағы "Үздік ақпараттық мақала" айдарына жарияланған мақала.  


«Білімнің бастауы – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш білім беру саласы» екені баршамызға белгілі. Қай кезде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарлама бойынша өз білімін жетілдіру биылғы оқу жылында әрбір бастауыш сынып мұғалімінің алға қойған мақсаты болып отыр.

   Бағдарламаның міндеттері:

1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.

Осы мақсаттарды  жүзеге асыру барысында Маңғыстау  облысы, Ақтау  қаласында  «Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік Қоғамының Филиалы «Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» аясында өз білімімізді жетілдірдік.

Бұл біліктілікті арттыру курсының мақсаты – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, Қазақстанның ұлттық білім жүйесіне арналған орта білім беру бағдарламасымен және критериалды бағалау жүйесі. Бізге және біздің әріптестерімізге «ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ және критериалды бағалау, сабақта қолданатын ресурстар қол жетімсіз» қиындық туындатып жүрген кедергілерге жақсы әдістемелік көмек алдық.

       Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын.

       Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына бастауыш сынып оқу бағдарламаларында көңіл бөлінген.

     Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарының жүйесін талқылау барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты балдары бойынша өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериалды бағалау, кері байланыс тәсілі ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру математика бойынша білім беру бағдарламасында мәселелерді шешу, жаратылыстану бойынша білім беру бағдарламасында бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударса, дүниетану пәні аясында ойлау дағдыларын дамытуды көздейді.

Осы аталған жаңашылдықтарға жаршы болып отырған «Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік Қоғамының Филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының әкімшілігіне және аға оқытушысы Гүлнар Жулановнаға алғысымыз шексіз.

Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз!


Автор:
Ляззат Айтжанова
25 наурыз 2018 г. 65 091 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 768 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031