» » «Балаларды ерте дамыту бойынша педагогикалық жүйелерінің ғылыми-теориялық және концептуалды негіздері (М.Монтессори, М.Ибука, Р.Штайнер және т.б.) әдістерінің ерекшеліктері

«Балаларды ерте дамыту бойынша педагогикалық жүйелерінің ғылыми-теориялық және концептуалды негіздері (М.Монтессори, М.Ибука, Р.Штайнер және т.б.) әдістерінің ерекшеліктері

2019 жылдың  02.09-13.09 аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы  және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ базасында  «Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесін жобалау» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған біліктілік арттыру курсы жүргізілді.  

Қазіргі таңда институт оқытушысының оқыту әдістері тыңдаушылар тарапынан қолдау тауып жатыр. Сондықтан дәстүрлі сабақтар жұмыстармен қатар оқытушылармен инновациялық белсенді формалары жиі пайдалануда. Атап айтқанда, курс барысында тренинг, практикалық сабақ және ықшамсабақтар сынды оқыту формалары кеңінен пайдаланылды.

Курс барысында «Балаларды ерте дамыту бойынша педагогикалық жүйелерінің ғылыми-теориялық және концептуалды негіздері (М.Монтессори, М.Ибука, Р.Штайнер және т.б.)  әдістерінің ерекшеліктері тақырыбында  шебер сынып өткізілді. Шебер сыныптың мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің қазіргі білім беру әдістері мен жүйені игерудегі сауаттылығын дамыту.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтында арнайы жабдықталған Монтессори дәрісханасында топтық жұмыстар арқылы тыңдаушылар Монтессори әдісінің мағынасы туралы ақпаратпен таныстық, Монтессори әдісінің мақсаты:  балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу; өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру; балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру екендігін жақсы меңгердік.
          Курсты қорытындылай келе курс тыңдаушылардың атынан «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтына, бізге кураторлық жасаған  аға оқытушы  С.С.Әлімбетоваға айтар алғысымыз  шексіз.


Таубай Замира Арысқызы

Түркістан облысы, 

Отырар ауданы 

Көкмардан ауылы  

«Балаби» бөбекжай балабақшасын  тәрбиешісі 


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі

23 желтоксан 2019 г. 3 749 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 205 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031