» » Фасилитативті сессия өткізілді

Фасилитативті сессия өткізілді

2019 жылдың 23 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан  облысы және  Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институты «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»  кафедрасының ұйымдастыруымен  «Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын  жаңарту аясындағы білім беру бағдарламалары мен критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері» такырыбында фасилитативті сессия өткізілді. 

     Сессияның мақсаты: Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын  жаңарту аясындағы білім беру бағдарламалары мен критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктерін мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру; Критериалды бағалау жүйесінің ұйымдастырылу жолдарын қарастыру; Білім деңгейін, көрсеткіш нәтижесінің тиімді жолдарын бағалау критерийлерін жүзеге асыру барысында белсенді оқу тәсілдері арқылы сыни ойлау дағдысын қалыптастыру тәжірибелерімен алмасу.

  Сессияның міндеттері: Мұғалімдердің пәндер бойынша Орта білім мазмұнын мазмұнын білуін қамтамасыз ету. Оқыту үдерісінде критериалды бағалау жүйесінің нәтижелерін пайдалану жолдарын қарастыру. Оқу нәтижесіне критерийлерді дұрыс қолдануға бағытталған белсенді оқу тәсілдері арқылы сыни ойлау дағдысын қалыптастыру. Оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.

Облыстық фасилитативті сессия жұмысына облыстық (қалалық/аудандық) білім басқармалары мен бөлімдерінің меңгерушілері мен әдіскерлері, жалпы орта білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсынан өткен 96 педагог  қатысты.

1 кезең. Фасилитативті сессия жұмысы «Білім беру бағдарламалары мен критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында  институттың АКТ залында тренинг түрінде өткізілді.

Тренинг барысында бірыңғай түсінікті қалыптастыру үшін «Ақпараттың мағынасын ашу», «Бүгінгі күннен не күтеміз?»,  «Қалдықсыз технология»,  әдістері және мәселені өзектендіру үшін  WORLD CAFÉ «Тұрақтар ішіндегі жұмыс»,  «Ақпараттар бюллетені»  әдістерін қолдану арқылы фасилитаторлар  Жуманова Райхан, Нуржигитова Несибели, Исмайлова Уркия қатысушыларды жұмысқа белсене қатыстырып отырды.

2 кезең. «Білім беру бағдарламалары мен критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.  Көрмені барша қатысушылар тамашалады. Бағалау  қорытындысын  қазылар  алқасы шығарды. Олар: институт директорының орынбасары, м.ғ.к. М.Ахтаев  және «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. М.Мусабеков пен аға оқытушы, х.ғ.к.  С.Шитыбаев. Бағалау критерий өлшемдерін негізге ала отырып бағаланып, қорытындысында  6 мұғалімнің еңбегі үздік деп танылды.

Фасилитациялық сессия соңында қатысушылардан кері байланыс алынды. Кері байланыс барысында мұғалімдердің пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Барлық қатысушылар  фасилитация туралы ұтымды ой, құнды дүниелер алғанын ортаға салды.


«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»  кафедрасының аға оқытушысы Жуманова Р.


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
23 желтоксан 2019 г. 4 734 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 766 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031