» » Абайды оқудан жалықпайық

Абайды оқудан жалықпайық

 Абай қазақ руханиятының басты тұлғасы. Оның шығармасы қазақ жерінде жылдан жылға мұра болып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп қана қоймай, әлем тілдеріне аударылып, ғаламға тарады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың 175 жылдығын бүкіл республика бойынша атап өту туралы қаулыға қол қойды. Бұл қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық. Себебі Абай әр қазақтың сүйікті ақыны. Ұлы тұлғаның өлеңдері мен шығармаларын білмейтін қазақ жоқ шығар. Әрқайсымыз ұлы Абайдың кем дегенде бір өлеңін білуіміз міндет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында  Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл мерейтойын халқымыздың ой-өрісін кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру арқылы өткізуді атап өтті.

Осы орайда,  2020 жылдың 13 қаңтар күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтында «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының профессор оқытушылар құрамымемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласымен танысып өтті. Оны кафедрамыздың аға оқытушысы,әріптесіміз Ж.Кужимова таныстырды.Талқылау мазмұнды әрі құнды өтті.

         Талқылаудың соңында Ж.Кужимова әріптесіміз С.Жолшыбековаға Абай өлеңдерін оқуға эстафетасын ұсынды. С.Жолшыбекова ғұлама Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін мәнерлеп оқыды да, кезекті эстафетаны аға оқытушы С.Шитыбаев мырзаға ұсынды.

Абайдың 175 жылдығына ұйымдастырылған әдеби челленжге институттың Instagram және Facebook желілерінде басқа да әріптестеріміз қосылуда.

Азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпайық!


 Мукимбекова Асель Абдрахметуллаевна,

«Инновациялық білім беру және 

ақпараттық технологиялар» кафедрасының

 PR ,SMM-маманы.

31 қаңтар 2020 г. 60 662 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 766 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031