» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Орта білім беру жүйесіндегі реформаларды тоқтата тұру керек

Қасым-Жомарт Тоқаев: Орта білім беру жүйесіндегі реформаларды тоқтата тұру керек

 Елімізде орта білім беру саласы жиі реформалар жүргізілетін салалардың қатарына жатады. Соған қарамастан бұл сала заман талабына сай жаңғыртылды деп айта алмаймыз. Жүргізілген реформалардың тиімділігі көрінетін нәтижелерге әлі де қол жеткізген жоқпыз. Сондықтан осы саладағы маңызды реформалардың үздіксіз жүргізілуін тоқтата тұру қажет шығар. Бұл туралы орта білім беру жүйесінің проблемаларына арналған парламенттік тыңдауда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Елімізде орта білім беру саласы жиі реформалар жүргізілетін салалардың қатарына жатады. Соңғы жылдары мектептеріміз үнемі реформалар жүргізілетін режимде жұмыс істеуде. Соған қарамастан бұл сала заман талабына сай жаңғыртылды деп айта алмаймыз. Жүргізілген реформалардың тиімділігі көрінетін нәтижелерге әлі де қол жеткізген жоқпыз. Мектептегі білім беру жүйесінде жасалған реформалар көп жағдайда қоғамды айтарлықтай толғандырады», - деді ол.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев аталған реформалардың неліктен сәтсіз жүргілізіп жатқанына тоқталды.

«Оның себептері – түсіндіру шараларының жеткіліксіз деңгейде жүргізілуінде, білім беру жүйесіндегі жаңалықтардың тиісті деңгейде жүзеге аспауында және педагог мамандардың сапасына тікелей байланысты болып отыр», - деді төраға.

Оның пікірінше, орта білім беру жүйесіндегі реформаларды тоқта тұру керек.

«Мүмкін Бұл саладағы маңызды реформалардың үздіксіз жүргізілуін тоқтата тұру қажет шығар. «Қандай жетістікке жеттік, қайда келдік, неге қол жеткіздік?» алдымен осыларға баға беріп алу керек. Білім беру саласында терең жан-жақты ойластырылмаған сынақтарды өткізуге жол беруге болмайды», - деп түйіндеді сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.


22 қыркүйек 2017 г. 4 679 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 814 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930