» » Мамандық таңдауда қателеспеу керек

Мамандық таңдауда қателеспеу керек

 «Нұр Отан» партиясының бастамасымен өмірге жолдама алған және өңір-өңірде ретімен жүзеге асырылып жатқан «Сәтті қадам» партиялық жобасы талай жастың болашағына жарқын жол ашып бергенін айта кеткен жөн. «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалы да ортақ істен шет қалмай, партиялық жоба аясында нақты шараларды жүзеге асыруда. Күні кеше «Жақсы мамандық – жақсы жұмыс» тақырыбында қалалық мәслихат депутаттары мен үлкен өмірге енді қанат қағып отырған жастардың кездесуін ұйымдастырды.

 Жастардың мамандық таңдауда қа­телеспеуін және меңгерген маман­дық­тары бойынша табысты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында өт­кізілген шараға «Нұр Отан» пар­тия­сы Қапшағай қалалық филиа­лы­ның қызметкерлері мен қалалық мәс­­лихат депутаттары Мәди Темірә­лиев, Ерлан Қашағанов және жастар қатысты.
Жас мамандарға жол сілтеп, өмір­дегі көрген-білгенімен бөліскен қа­лалық мәслихат депутаты Мәди Темірәлиев:
– Партияның «Сәтті қадам» жо­ба­сы аясында бірнеше бағытта жұ­мыс­тар атқарылып, жастарды тұрақ­ты жұмыспен қамту мәселесімен ға­на емес, сондай-ақ олардың өз­дері­не қолайлы мамандық таңдауына кеңес беру, тәжірибесі бар маман ие­ле­рімен кездесулер өткізіп, үлгі-өне­­ге көр­сетуді де жүзеге асыру­да­мыз.
Жастардың дұрыс бағыт таңдап, бү­гінгі күннің сұранысына сай ма­ман­дықты игеруі – олардың өмір­ле­рін­дегі ең маңызды істердің бірі әрі бі­регейі. Себебі таңдаған мамандық – өміріңнің негізгі бөлігі, тұрмы­сың­ның тірегі болады. Қала жастары бұл мәселеде пысықтау болғанымен, за­манға сай қажетті мамандық таң­дауда екінің бірінің жолы бола бер­мейтіні тағы бар. Бізге бүгінде тех­но­логия мен сандық-цифрлық құ­рыл­­ғыларды жақсы меңгеріп, бі­лік­тілік пен ептілікті серік еткен жі­­герлі жастар қажет», – деді.
Партияның Қапшағай қалалық фи­лиалының қызметкері Ілияс Бай­бөріновтің айтуына қарағанда, пар­тия филиалы жергілікті оқу орын­дары және кәсіпорындармен өзара ынтымақтастықтағы қарым-қатынас орнатып, «Сәтті қадам» жобасы ая­сында колледждер мен жоғары оқу орын­дары түлектеріне тәжірибеден өтуге, кейін жұмысқа орналасуға кө­мектесіп келеді. Осылайша, көп­те­ген жастың өмірден өз орынын табуы­на жағдай жасаған және мұн­дай игілікті іс алдағы кезде де жемісті жал­ғаса бермек.
Тоқетерін айтқанда, партия жас­тарды жұмыспен қамтуды үнемі на­зарында ұстайды, әрбір мектеп бі­тірушінің тағдырына алаңдап, тиі­сінше көмек көрсетеді. Биылдың өзінде қалалық партия филиалының ықпалымен Қапшағай көпсалалық колледжінің 7 студенті тұрақты жұ­мысқа орналастырылыпты.
– Биылғы басты жаңалықтың бі­рі – ҰБТ тапсырмаған түлектер кә­­сіптік-техникалық білім беру ұйымдарына қалаған мамандықтары бойын­ша оқуға түсе алады. Техни­ка­лық кәсіптерге оқыту тегін. Бұл – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да айтылғандардың жүзеге асуының нәтижесі.
Қазіргі кезде елімізде техникалық кә­сіптер бойынша мамандар даярлау – өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі жиы­нымыздың да басты мақсаты ма­ман тапшылығын болдырмау екен­дігін ескеріп, осы жаңалықты да ай­та кеткенді жөн көрдім, – деген Қап­шағай қалалық кәсіптік кол­лед­жінің директоры Болатбек Қажиах­мет­ұлы орта кәсіптік білім беру сала­сындағы өзгерістер туралы жан-жақты баяндады.
Жастар тарапынан мемлекеттің жастар саясатына қаншалықты көңіл бөлетіндігі, жас мамандарды тұрғын үймен қамту және «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде сұрақтар қойы­лып, тиісті мамандар олардың бар­лы­ғына жауап қайтарды.

Болат АБАҒАН, 
Алматы облысы

09 тамыз 2017 г. 3 221 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 740 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 755 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031