» » Ерлан Сағадиев: Биыл 1-2 сынып оқушыларын қосымша дәптерлермен 100 пайыз қамтамасыз етеміз

Ерлан Сағадиев: Биыл 1-2 сынып оқушыларын қосымша дәптерлермен 100 пайыз қамтамасыз етеміз

 Биыл 1-2 сынып оқушыларын қосымша дәптерлермен 100 пайыз қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әлеуметтік және білім салаларында жүзеге асырылуына арналған брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат
«Заң бойынша Үкімет оқулықтарды  сатып алып, балаларды 100 пайыз қамтамасыз етеді. Бірақ, дәптерге келгенде бірінші сыныпқа ғана алынады. 1 сынып балаларына дәптерлер 100 пайыз алынады.  Биыл 1-2 сынып оқушыларын дәптермен 100 пайыз қамтамасыз етеміз деп отырмыз. Алайда, оған қаржы әлі бөлінген жоқ. Басқа сыныптарды дәптермен қамтамасыз ету жергілікті әкімдіктер шешетін мәселе. Заң бойынша біз Үкімет есебінен  тек оқулықтардың ақшасын бөлеміз», - деді Сағадиев БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Айта кетейік, қазіргі уақытта оқушының әр пәніне қосымша дәптерлер шығарылған. Мәселен, өткен жылы үш бөлімнен тұратын орыс мектептеріне арналған 1 сыныптың жазу үлгісі  - 1050 теңге, қазақ тiлiнен 2 жұмыс дәптері 1000 теңге, математикадан 2 жұмыс дәптері 1200 теңге, 2 жазу үлгісі 1000 теңге, еңбекке баулу 2 жұмыс дәптері 1200 теңге болған еді.


28 шілде 2017 г. 4 039 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 041 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 814 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930