» » РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін Қарағанды индустриялық университетінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

 Іс-шараға университет оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері қатысты. Қатысушылар алдында университет ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов сөз сөйледі. Ол бұл күн Қазақстанның жаңа тарихындағы өте маңызды мереке екенін атап өтті, өйткені 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы Декларацияға қол қойылғаннан кейін еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді.

Іс-шара барысында университеттің дамуына қосқан үлесі үшін және ұлттық мереке құрметіне Қарағанды индустриялық университеті ректорының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен 20-дан астам оқытушылар мен қызметкерлер марапатталды.

Сондай-ақ, ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе байқауының және «Атамекен» диктант байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды УиА-21 тобының студенті Сайева Медина, 2 орынды ПГС-22 тобының студенті Абдуали Рамазан және 3 орынды ТФП-21к тобының студенті Тілеубек Арайлым, ал «Атамекен» диктант байқауының жеңімпаздары 1 орынды ТФП-22к-6 тобының студенті Оразова Әсел, 2 орынды  ПГС-22 тобының студенті Аскер Диас және 3 орынды ТФП-22к-5 тобының студенті Бекболат Айым иеленді.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарына белсенді көмек көрсеткені үшін ректордың Алғыс хаттарымен 27 студент марапатталды.

Іс-шара Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасымен аяқталды. 


Дереккөз: Қарағанды индустриялық университетінің баспасөз қызметі.
03 қараша 2022 г. 21 487 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 930 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031