» » Қазақстанда ең үздік болып Ақтөбе облыстық физика-математикалық мектеп-интернаты танылды

Қазақстанда ең үздік болып Ақтөбе облыстық физика-математикалық мектеп-интернаты танылды

 Білім беру қызметкерлеріне арналған Республикалық тамыз кеңесінде  Республика бойынша мамандандырылған білім беру ұйымдары арасында 1 орынды Ақтөбе облыстық физика-математикалық мектеп-интернаты иеленді. Биыл ұстаздар арасында ең маңызды шара "Білім беру - болашақтағы мемлекеттің табысты факторы" тақырыбында Қаскелен қаласы Сүлейман Демирел атындағы университет базасында өтті.Бұл жөнінде Ақтөбе облыстық білім басқармасына сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

  Сонымен қатар, 3 жүлделі орынды мамандандырылған мектептер арасында үш тілде оқытатын  №21 мектеп-гимназиясы иеленді.

  Тамыз кеңесіне ҚР Білім және ғылым Министрлігінен өкілдер, Астана және Алматы облыстық, қалалық білім беру басқармаларының өкілдері және  дарынды балаларға арналған аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының өкілдері,  мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары, сонымен бірге республикамыздың жоғары оқу орындарының ғалымдары.

  "Дарын"  жүйесі бойынша "100 Қазақстанның жаңа бейнесі" - жеке тұлғалардың тарихы"   тақырыбында  (инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыратын республикамыздың үздік педагогтары мен үздік педагогикалық ұжым галереясы)  экспозициялық көрме өткізілді. Көрмеде Ақтөбе облыстық "Дарын" орталығы дарынды балаларға арналған үздік орталықтардың бірі деп танылып, 2 орын иеленді.

 
14 тамыз 2017 г. 3 613 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 825 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930