» » Медицинаны дамытуға арналған кездесу

Медицинаны дамытуға арналған кездесу

 ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Ёнсе университетінің президенті Ёнг-Хак Ким бастаған Оңтүстік Корея делегациясымен кездесті.Бұл жайлы ҚАЗҰУ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Шараға Ёнсе университеті жанындағы «Кангнам Северанс» ауруханасындағы Халықаралық байланыс департаментінің жетекшісі Сён Мун Ким және аталған университеттің басқа да өкілдері қатысты. Кездесу барысында корей делегациясы жағынан әрбір қатысушы өзін-өзі таныстырып, өз қызметі туралы қысқаша баяндады.

Тараптар ҚазҰУ-дағы «Smart Health» медициналық диагностикалық орталығы дәрігерлерінің Кореяда біліктілігін арттыру, орталықты соңғы заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, білім беру, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша қарым-қатынас орнатып, бірлесіп мамандар дайындау, телемедицина және қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында денсаулық сақтау саласында ақпараттық жүйелерді тарату  жайын талқылады.

Ёнсе университетінің президенті Ёнг-Хак Ким Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің серпінді дамып келе жатқанын жоғары бағалап, екі ел тұрғындарының денсаулығын сақтау мәселелері бойынша болашақта да ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді. Сонымен қатар шара барысында тараптар корей ғалымдарының тәжірбиесін меңгеру мен кардиология, хирургия саласында жоғары мамандандырылған диагностика және емдеу сияқты өзге де бағыттарды қамтыды.

Жүздесу қорытындысында ортақ жобаларды іске асыруға бағытталған өзара келісім мен ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойылды.
Кездесу аяғында делегация қонақжайлылық танытқаны үшін жəне ынтымақтастықтың маңызды сұрақтарын талқылау мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.

15 тамыз 2017 г. 1 690 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 997 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 797 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930