» » «Болашақ» стипендиясы 80 үміткерге берілді

«Болашақ» стипендиясы 80 үміткерге берілді

 Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
 «Өскелең ұрпақ әлемнің үздік жетістіктеріне ашық әрі бейім болуы тиіс. Президенттік стипендия Қазақстанның жастары үшін білім өрісін кеңейтуге, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқуға, үздік тәжірибелік машықтарды игеруге мүмкіндік береді»,-деді Мемлекеттік хатшы.    
Осы орайда Г. Әбдіқалықова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «сананың ашықтығын» басты басымдықтардың бірі ретінде айқындағанын еске салып өтті.   Оның сөзіне қарағанда, сананың ашықтығын арттыруға «Болашақ» бағдарламасы сөзсіз ықпал етеді. Атап айтқанда, бүгінгі отырыста Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі есебі тыңдалды. Сонымен қатар бағдарламаға қатысты басқа да мәселелер кеңінен талқыланды. Белгілі болғандай, комиссия шешімімен магистратурада және докторантурада оқуға, сондай-ақ әлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 80 үміткерге стипендия тағайындалды. Отырысты қорытындылаған Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру  және тиімділігін арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.  


23 тамыз 2017 г. 2 060 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 156 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 593 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031