» » Жақсыбеков: гуманитарлық пәндер бойынша аударылатын оқулықтардың тізімі жасалды

Жақсыбеков: гуманитарлық пәндер бойынша аударылатын оқулықтардың тізімі жасалды

  Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы бойынша 600 нысан белгіленді. Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның үшінші отырысында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы - Ұлттық комиссияның төрағасы Әділбек Жақсыбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 "Соңғы төрт айда Елбасы ұсынған бағдарламаны жүзеге асыруда нақты қадамдар жасалды. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар бұл бағыттағы жұмысқа белсенді қатысып жатыр, сондай-ақ облыстарда арнайы комиссиялар, жобалық кеңселер, сарапшылық топтар құрылды. Орталық жобалық кеңсенің жұмысымен жаңа танысып шықтық. Өздеріңіз көрдіңіздер, көп жұмыс жасалған. Ұлттық комиссияның арнайы топтары жұмысының алғашқы нәтижелері бар. Біз осы шараларды ұйымдастыруда жаңа деңгейге шықтық», - деп атап өтті Ә. Жақсыбеков.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, Жобалық кеңсе жұмысын бастағаннан бері министрліктер мен әкімдіктер ұсынған 1170 жобаны пысықтады.

«Сонымен бүгінде жаңа әліпбидің жобасы жасалды. Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы бойынша 600 нысан белгіленді. Олардың 22-сінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар басталды. Туған жер бағдарламасы бойынша кең көлемде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәдениет бағытында ең үздік шығармалар таңдап алынды», - деді ол.

Сонымен қатар Ә. Жақсыбеков «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында гуманитарлық пәндер бойынша 17 оқулықтың тізімі жасалғанын және оларға аударма жасау шаралары басталғанын атап өтті.

«Бұл осы жұмыстың басы ғана. Барлық бағыттар бойынша жоспарлы мақсаттар бар. Оны қоғам қолдап отыр. Келешекте үлкен жұмыстар атқарылады. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпыұлттық жобаға айналуы керек»,-деп түйіндеді сөзін ол.

Белгілі болғандай, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша үздік туындылардың тізімі жасалды. Оған әдебиет саласындағы 216, «театр, кино және хореография» жанрындағы 48, бейнелеу өнері бойынша 182 және музыка саласындағы 200-ден астам шығарма енді.

Бұдан бөлек, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына 1500 өтінім келіп түсті, оларды ары қарай ашық дауыс беруге ұсынылатын аралық пулдар болады.

Дереккөз:ult.kz
18 тамыз 2017 г. 2 134 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 671 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 738 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031