ОҚО-да жаңа оқу жылында 20 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа нысандар тағы алты ауданда бой көтерген. Атап айтқанда Төле би ауданында - 1, Сайрам ауданында -3, Қазығұрт ауданында -4, Бәйдібек ауданында -1, Сарыағаш ауданында -3, Мақтарал ауданында -2 нысан салынды. Осылай үш ауысымды білім беретін мектептердің саны 43-тен 23-ке азайды. Ал, қалған 23 мектептің құрылысын 2018-2019 жылдары аяқтау жоспарланып отыр. Айта кетейік, биыл өңірде мектептердің құрылысына 31,2 млрд теңге бөлініп, бүгінде 79 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. 20 мектеп жаңа оқу жылында тапсырылса, 29 білім нысаны жыл соңында пайдалануға берілмекші.