» » Сағынтаев: «Ағатайлар» тендермен ұзақ ойнап жүргендіктен балалар зардап шегіп отыр

Сағынтаев: «Ағатайлар» тендермен ұзақ ойнап жүргендіктен балалар зардап шегіп отыр

 Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік тапсырыс аясында мектептерді уақытында пайдалануға беру мәселесіне баса назар аударды. Себебі «ағатайлар» тендермен ұзақ ойнап жүретіндіктен балалар мектепке уақытында бара алмай жүреді» деген пікір білдірді Үкімет басшысы, деп xабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 "Осы мәселені ылғи талқылаймыз. Алайда жағдайымыз сол қалпы, өзгермей келеді. Ақша игерілмейді, тендерлерді кеш өткізеді. Сонда қалай? Үлкен ағатайларымыз тендер ойнап жүретіндіктен балалар зардап шегіп отырады. Осыны түбегейлі шешу керек. Балалар жаңа мектепке барғысы келеді. Оған қоса, Президенттің нақты тапсырмасы бар. Ұлттық қордан ақша бөлініп жатыр. Соның барлығы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында аймақтарға таратылады. Біз болсақ, жаңа оқу жылы басталса да, тендер ойнап жүрміз", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Осы орайда Үкімет басшысы өз орынбасарларына қазіргі жүйені толығымен өзгертуді тапсырды.

06 қыркүйек 2017 г. 1 867 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 230 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 614 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031