» » Биыл 70 мектеп пайдалануға беріледі

Биыл 70 мектеп пайдалануға беріледі

 «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жылдың аяғына дейін 70 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді.

 «2017 жылдың аяғына дейін 70 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр», – деді ол.

Осы орайда вице-министр ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін қанша мектеп салынғандығын атап өтті.

«2017 жылдың 1 тамызындағы ақпаратқа сәйкес, 7 мектеп пайдалануға берілді. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында бір мектептен, ал Оңтүстік Қазақстан облысында 4 мектеп салынды. 320 орынды балабақшаның Жаңаөзен қаласында іргесі қаланды. Оған қаржы 2016 жылы ұлттық қордан бөлінген болатын», – деді Бибігүл Асылова.

Осы орайда ол «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты Білім және ғылым министрлігі үнемі бақылап отыратындығын алға тартты.

«Жергілікті әкімдіктер тарапынан бөлінген қаражатты игеру бойынша кепілдік берілген. Білім және ғылым министрлігі тарапынан ай сайын мониторинг, селекторат жүргізіледі. Жалпы әкімдіктердің мәліметіне сәйкес, Ұлттық қордан бөлінген ақша толық көлемде игеріледі», – деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Baq.kz

10 тамыз 2017 г. 1 878 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 718 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 338 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930