» » Өзбекстанда қазақ мектебі ашылды

Өзбекстанда қазақ мектебі ашылды

 Оңтүстік Қазақстан облысымен іргелес жатқан Өзбекстанда қазақ мектебі ашылды. Оқу-білім ошағы Навои облысының Үшқұдық ауданына қарасты Жүзқұдық ауылында бой көтерді.Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

 Білім беру мекемесі қажетті қазақ тілді және басқа да оқулықтармен, сондай-ақ әдебиеттермен қамтамасыз етілген. Ал компьютерлік сыныпта оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануына барлық жағдай бар. Мектеп кабинеттері заман талаптарына сай жабдықталды.

Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі мен осы елдегі Қазақ ұлттық мәдени орталығы білім ошағына қажетті оқу құралдарын, планшеттер мен қазақ тіліндегі 3 мың кітапты сыйға тартты.

“Бұл жерде сабақтар қазақ тілінде жүретіні және қазақ оқулықтарының бары қуантады. Ауыл шалғайда жатса да, мұнда барынша жағдай жасалған. Мектеп компьютерлік сыныппен жабдықталды. Өзбекстан Президенті осындай сый жасап отырғанына ризамыз”, – дейді ҚР Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Үтембаев.

Дереккөз:kaz.365info.kz
08 қыркүйек 2017 г. 3 494 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 926 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031