» » «Болашақ» стипендиясынан айырылғандардың қарызы белгілі болды

«Болашақ» стипендиясынан айырылғандардың қарызы белгілі болды

  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешев «Болашақ» бағдарламасы аясында стипендиядан айырылып қалғандардың қарызы жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
 «Жақын арада оқу үлгерімінің нашарлауына байланысты стипендиядан айрылғандар жоқ. Жалпы статистикаға тоқталатын болсам, 2005 жылдан бастан оқу үлгеріміне қатысты 362 адам стипендиядан қол үзіп қалды, бұл шамамен 2 пайызды құрайды. Олардың қарызы біртіндеп жабылып келеді. 2013 жылы олар 147 млн теңгені, 2014 жылы - 272 млн теңгені, 2015 жылы - 384 млн теңгені, ал 2016 жылы 960 млн теңгені жапты. Биылғы жылдың соңына дейін 1 млрд теңге төңірегінде өтеледі деп жоспарлап отырмыз»,-деді Мелдешев. Оның сөзіне қарағанда, жалпы стипендиядан айырылып қалған жастардың қарызы 4,9 млрд теңгені құраған. Қазіргі кезде оның көлемі азайып, 3,9 млрд теңгесі қалды. Үлгерімі нашарлап, стипендиясыз қалған 362 адамның негізгі үлесі 2012 жылға дейін тағайындалған «бакалавриатқа» тиесілі. «Жалпы, қарыз ақша қайтаралады деген үміттеміз, себебі борышты өтеу қарқыны жақсарып келеді»,-деді ол. Бұдан бөлек, Ж. Мелдешев «Болашақ» бойынша білім алғанымен елге оралып қызмет ету міндеттемесін орындамаған 161 адам тіркелгенін атап өтті. Дегенмен соның 100-ге жуығы кейіннен Қазақстанға қайта оралды. «Бұл өз кезегінде стипендияның сапасын көрсетеді. Яғни стипендиаттар шетелде жұмыс тауып, бағаланып жатқаны жақсы көрсеткіш. Олар үздік компанияларды жұмыс істеуде»,-деді Орталық  президенті. Айта кетейік, 23 жылда бағдарлама аясында 12,5 мың стипендия тағайындалды. Бүгінде білім алып жатқандардың саны 1234-ті құрап отыр. Жалпы, 9854 түлектің ішінде 50 пайыздан астамы әлеуметтік салада қызмет етуде, 2 мыңнан астамы білім беру саласында жұмысқа тұрған.


15 қыркүйек 2017 г. 1 797 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 753 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930