» » Дiнтанушыларды жұмыспен қамту қиын - БҒМ

Дiнтанушыларды жұмыспен қамту қиын - БҒМ

 Бүгiн Мәжiлiс үйiндегi Үкiмет сағатында елiмiздегi дiни ахуал талқыланып жатыр. ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Асхат Аймағамбетов дiнтанушыларды жұмыспен қамту қиын екенiн айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

 Үкiмет сағатында Мәжiлiс депутаты, Халықаралық iстер, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң басшысы Мәулен Әшiмбаев пен бiрқатар депутат дiн саласында сапалы теолог мамандарды көптеп даярлап, оларды жұмыспен қамту керектiгiн айтты. Бiлiм саласы бойынша Бiлiм және ғылым вице-министрi Асхат Аймағамбетов жауап бердi.

«Бүгiнгi таңда дiнтану саласында мамандарды даярлау өте өзектi мәселе болып отыр. Бiз бұл мәселенi мемлекеттiк тапсырысты орналастыру арқылы реттеп отырмыз. Биылғы жылы 200-ден астам орын осы мамандықтарға бөлiндi. Осылайша, мемлекеттiк тапсырыс саны артып отыр. Қазiр бүкiл республика бойынша 6 жоғары оқу орнында аталған бағыт бойынша мамандар даярланады. Және жалпы контингент 1046 адамды құрайды. Бұл мәселенi бақылаудамыз», - дедi Аймағамбетов.

 Вице-министрдiң айтуынша, қазiргi таңда дiнтанушыларды жұмыспен қамту проблема болып отыр.

 Атап өтсек, жиында Мәулен Әшiмбаев елiмiзде жыл сайын 30 мың бала 1 мың күмәндi дiни ұйымда бiлiм алатынын айтқан болатын.


18 қыркүйек 2017 г. 1 716 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 155 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 854 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930