» » Депутат Божко бюджетті үнемдеу үшін балаларды еденде оқытуды ұсынды

Депутат Божко бюджетті үнемдеу үшін балаларды еденде оқытуды ұсынды

 Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко қазақстандық балаларды халықаралық тәжірибеге сай еденде оқытуды ұсынды.Бұл туралыNUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 Бұл ұсынысты Владимир Божко мұражайларда балаларға сабақ жүргізу жоспарын талқылау кезінде жасады. Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов мұражайда балаларға арнайы сабақ жүргізу үшін оларға парталар мен орындықтар әзірлеу керетігін алға тартқан.

"Мультимедиялық тақталар, отыратын орындар керек. Сол үшін әкімдік және мәдениет басқармасымен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жобаның болашағы зор деп ойлаймын", - деді Аймағамбетов.

Алайда Божкоға бұл жағдай жақпай қалды. Ол шетелдік мұражайлардың тәжірибесін қолданып, балаларды еденге жайғастыру керектігін айтуда. Депутат осылайша мемлекеттік бюджеттің қаражатын үнемдейміз деген пікірде.

"Біз Жапонияның өзінде балалар еденге жайғаса кетіп, мұражайдағы оқытушы оларға сабақ түсіндіріп жатқанының куәсі болдық. Луврда да солай. Мұнда да аудитория, мультимедиялық заттар, тіпті одан кейін асхананы да ұйымдастырып жатудың қажеті жоқ. Шетелдік тәжірибені зерттеп, соны қолданыңыздар. Бұл жағдайда бюджетке ұқыптылықпен қарау керек", - деп түйіндеді Божко.

18 қыркүйек 2017 г. 6 529 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 226 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031