» » Шымкент соты "мұғалімнің ісі қарауға жатпайтынын" айтты

Шымкент соты "мұғалімнің ісі қарауға жатпайтынын" айтты

 Бүгін Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты 38-мектептің мұғалімі, «міндетінен тыс жұмысқа тартылып, директордан қысым көргенін» айтқан Гүлжан Сәлімбаеваның үстінен мектеп директоры мен орынбасарлары түсірген шағымды қарауға жатпайды деп ұйғарым етті деп хабарлады мұғалімнің сенімді өкілі Маржан Аспандиярова.

 Маржан Аспандиярованың Азаттыққа хабарлауынша, бүгін судья Қайрат Ізбасаров жәбірленушілер - мектеп директоры Айман Жүсіпова, оның орынбасарлары Дана Асылбекова мен Айжамал Қозыбекованың өз арыздарын қайтарып алуына байланысты іс қарауға жатпайды деп ұйғарған.

Жәбірленушілер әу баста соттан Гүлжан Сәлімбаевадан "ар-намысына тигені үшін моралдық шығын өндіруді" сұраған.

Гүлжан Сәлімбаеваның ісін Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты бірнеше айдан бері қарап жатқан.

21 қыркүйек 2017 г. 2 695 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 773 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 355 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930