» » Мектеп директоры: Бір сыныпта 40 бала отырғанда, оларға қандай білім береміз?

Мектеп директоры: Бір сыныпта 40 бала отырғанда, оларға қандай білім береміз?

 Астанада мектеп те, сабақ беретін мұғалімдер де жетіспейді. Салдарынан бір сыныпта 50-60 баладан оқып, ұстаздардың сапалы білім беруге уақыты жоқ. Бүгін елордада өткен тамыз кеңесінде мұғалімдер Астана әкімінен мектеп проблемасын шешіп беруін сұрады.Бұл туралы 31 арна хабарлады.

 «Қазіргі таңда бір мұғалімнің екі сыныппен жұмыс істеуі қалыпты жағдайға айналған. Екінші мәселе оқушы орнының жетіспеушілігі. Бір сыныпта 40 оқушы отырғанда жаңа білімді табысты енгіземіз деп айту қиынға соғады», – дейді Астана қаласындағы мектеп директоры Құралай Байтәжікова.

Мемлекеттік тілді меңгеріп үлгермеген Әсет Исекешев мектептің жетіспеуіне оқушылардың жыл сайын 15 мыңға көбеюі себеп деді. Соңғы жылдары мектеп жасындағы балалардың саны 5-6 есеге көбейіп, биыл 145 мың оқушы сабаққа барады екен. Астанаға жұрт ағылады, бала туу көрсеткіші жоғары, сондықтан білім ордасын салып үлгермей жатырмыз. Оның үстіне елордадан құрылыс жүргізетін жер іздеп уақыт жоғалтамыз деп ақталды әкім. Исекешевтің есебінше, қазір 47 мектеп құрылысын бастауға сақадай сай екен. Алдағы үш жыл ішінде білім ордалары салынса, мектеп тапшылығы жоғалады деген сенімде.

Дереккөз:kaz.365info.kz.
24 тамыз 2017 г. 5 483 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 280 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 629 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031