» » Министр қыздар мен ұлдарды бөлек оқытуға қатысты не дейді?

Министр қыздар мен ұлдарды бөлек оқытуға қатысты не дейді?

 Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұлдар мен қыздарды мектепте бөлек оқытуға қатысты пікір білдірді.Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасай отырып,stan.kz хабарлайды.

 Сенатта өткен парламенттік тыңдау барысында депутат Сәрсенбай Еңсегенов министр Ерлан Сағадиевтен мектепте қыздар мен ұлдарды бөлек оқытуға қатысты пікірін сұрады.

“Тәрбиесіз білімнің зияндылығы, тіпті қауіптілігі туралы орта ғасырда өмір сүрген ойшылдар айтып кеткен. Мектептегі білім беру тәрбиесімен бірге жүру керек деп ойлаймын. Біздің рухани жаңғыруда айтылған ұлттық кодты енгізуде тәрбиенің берері көп. Осы орайда соңғы кездері бөліп оқыту мәселесі, әсіресе, қыз балаларға арналған мектептер жайы айтылуда. Оның ғылыми негіздері де жазылып жүр”, — деді депутат.

Сағадиев бұл бастаманы қолдамайтынын жеткізді.

“Басқа мемлекеттерде қалыптасқан дәстүр бар. Бірақ қыздарға, ұл балаларға арналған мектептердің Қазақстанда болғаны дұрыс емес. Бізде ондай дәстүр болмаған. Солай жасаймыз десек, алдымен қоғамда үлкен пікірталас жұмыстарын жүргізу керек”, — деп жауап берді министр.

22 қыркүйек 2017 г. 6 319 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 285 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 630 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031