» » Ақтөбеде мектеп басшылары сабаққа кіргізбеген соң 13 оқушы қыз орамалын шешті

Ақтөбеде мектеп басшылары сабаққа кіргізбеген соң 13 оқушы қыз орамалын шешті

 Ақтөбеде қыркүйек айы туғалы бері 13 оқушы қыз орамалын шешті. Мектеп формасын ұстануға қатысты жұмыстар нәтиже бере бастады.Бұл туралы Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып,NUR.KZ хабарлайды.

 Әкімдіктің мәліметінше, Ақтөбедегі орта білім беретін мектептерге жаңа оқу жылында 170 оқушы қыз орамал тағып келген.

"Мектеп формасын сақтау қажеттілігі туралы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектеп басшылары мен сынып жетекшілері осы мәселе бойынша ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыс әлі де жалғаса береді", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық дін істері департаментінің басшысы Жолдас Қалмағамбетовтің дерегінше, Ақтөбе облысындағы орта білім беретін мектептерге жалпы саны 370 оқушы орамал тартып келіп жүр.

Білім және ғылым министрлігі былтырғы оқу жылының ортасында мектепте қандай да бір дінді насихаттайтын киім киюге тыйым салатын қаулы шығарған.

Биыл оқу жылында Ақтөбе, Жаңаөзен мен Шалқар қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтарал қалаларында бұйрыққа сүйенген мектеп басшылары орамал таққан оқушы қыздарды мектепте кіргізбей жатыр.

26 қыркүйек 2017 г. 3 311 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031