» » Оқушыға үш қойғаны үшін жұмыстан қуылған астаналық ұстаз жанайқайын жеткізді (фото)

Оқушыға үш қойғаны үшін жұмыстан қуылған астаналық ұстаз жанайқайын жеткізді (фото)

 Ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін астаналық ұстаз жұмысынан әділетсіз қуылғанын айтып, мұңын шақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Алматы арнасынасілтеме жасап хабарлайды.

 30 жылдық еңбек өтілі бар мұғалім Ұмсын Ербатырова әдепсіз әрекет жасады деп айыпталып, жұмысынан қуылған. Қуып қана қоймай, әріптестерімнің алдында мазақ етті деген ұстаз әділеттік іздеп сотқа жүгінді.

Жұмысынан қуылған мектепте 11 жыл ұстаздық еткен Ұмсын бір рет те ескерту алып көрмеген екен.

"34 жыл еңбек еттім. 30 жыл ұстаздық жолымда 11 жылымды осы мектепке жұмсадым. Осы күнге дейін бір рет ата-ана немесе оқушы тарапынан менің үстімнен шағым түспеген болатын. Ал енді әдепсіз әрекетке бардың деп жұмыстан қуды. Әдепсіздік танытатындай мен ішіп-шегетін адам емеспін. Оқушыларға да балағат сөз айтып көрмеппін. Бір оқушыға үштік баға қойғаным үшін маған осындай қорлық көрсетіп отыр", - деп күйінді Ербатырова.

Мұғалімді жұмыстан қуған мектеп қызметкерлері журналистерге жауап беруден бас тартқан.

"Мен мұндай бапқа лайық емеспін. Екіншіден, мен өз еркімнен тыс жұмыссыз қалдым. Зейнетке шығуға екі жыл ғана қалғанда тіршілігіме қажет жалақысыз отырмын. Бұл дұрыс па? Өмір бойы еңбек терімді төгіп келгенде, керексіз болып қалдым. Олар мені ұнатпайтындықтан, жұмыстан баппен қуып шықты", - дейді Ұмсын.

29 қыркүйек 2017 г. 3 651 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 131 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 848 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930