» » Қызылордада 6 сыныптың екі оқушысы мұғалімді азғындық жасады деп айыптады

Қызылордада 6 сыныптың екі оқушысы мұғалімді азғындық жасады деп айыптады

 Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентіндегі №189 орта мектебіндегі дау басқаша өрбіді. Бұған дейін 6 сынып қыздары математикадан беретін мектеп мұғалімі денесін ұстайтындарын айтып арызданған.Бұл жайлы "Астана"телеарнасына сілтеме жасай отырып,alashainasy.kz хабарлады. 

 Қылмыстық іс қозғалып, сот жүріп жатыр. Алайда, оқушының бірі ол әрекетін жоққа шығарып, өтірігі үшін мұғалімінен кешірім сұрады.

Шарипа Сақтапова қыздардың бірімен сұхбаттасып, алғашқы сөзінен неге бас тартқанын білді.

6-шы сыныпта оқитын екі қыздың анасы мұғалімнің үстінен көктемде арызданған. Сол кезде жасы 60-қа таяған ұстаз азғындық жасап, қыз балалардың әр жерін ұстады деп айыпталды. Бірақ оқушылардың бірі сол ісіне өкініп отыр.

Дина Нағызбаева, қатал мұғалім мектептен кетсе деген оймен, осындай айып таққанын айтып отыр.

Дина Нағызбаева, № 189 орта мектептің 6 сынып оқушысы:

- Айтамыз да қоя саламыз, сосын Акпар ағай мектептен шығып кететін шығар деп ойлағанбыз. Сөйтіп бәрі осылай шатасып кетті да. Сосын мен анама келіп, барлық шындықты айттым. Ұстаған жоқ, ештеңе істеген жоқ. Әрине, өкінемін, ағайдын шыққанын қалаймын, ағайдан кешірім сұраймын.

Динаның анасы арызын алып кетті. Құрбысы өз дегенінде тұр.

35 жыл еңбек өтілі бар Әкпар Исахаевтің әріптестері болса, мектептегі сыйлы азамат ондай ұятты істерге бармайтынына сенімді.

Ботагөз Мадирова, Белкөл кентінің тұрғыны:

- Ол кісінің құрдас ретінде де артық сөзі, артық қылығын мектеп саласында жүргенде ешқандай байқаған жоқпыз. Ол мүмкін емес деп есептейміз. Тек ол кісіде білім, талап, тәртіп, басқа ешнәрсе көрген емеспіз.

Ұлмекен Юсупова, № 189 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі:

- Сабақ барысында ондай оқыс әрекетке барады дегенге, өз басым ешқандай сенбеймін. Әділдік болса дейміз. Мынандай болғандықтан, жаңа оқу жылына, шынымды айтсам, әйел, менің өзім қорқа соғып отырмын.

Тілеген Халықов, № 189 орта мектеп кәсіподағының төрағасы:

- Біздің талабымыз: бұл оқиғанын анық-қанығына жету керек. Бір жақты қарамау керек. Мұғалім жасаған өмірінің жартысынан көбін осы бала тәрбиесіне жұмсаған азамат.

Оқушылардың әрекетінен мектеп мұғалімдері де шошып қалған. Ал математиктің адвокаты ұстаздардың заң тұрғысынан қорғаусыз қалғанын айтып отыр. Қазір іс жабық өтіп жатыр. Сондықтан айыпталған мұғалімнің қорғаушысы көп нәрсені ашып айтпады.

Жасұлан Таңатаров, адвокат:

- Іс қазіргі таңда сотта қаралып жатыр, соңдықтан бөлшектеп айтып бере алмаймын. Десе де айтайын дегенім, бүгінгі күні мұғалімдер әлеуметтік тұрғыдан да, заңды түрде де қорғаусыз болып тұр. Менің қорғалушым сабақ үстінде, балалардың көзінше азғындық әрекеттер жасады деп айыпталып отыр. Яғни кез келген оқушы өзіне ұнамаған мұғалім үстінен осылай негізсіз арыздана салады деген сөз.

Сәуірде қамалған математик әлі күнге уақытша ұстау абақтысында. Ендігі сот отырысы тамыздың 25-іне белгіленген.

22 тамыз 2017 г. 6 268 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 226 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031