» » Қызылордалық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Қызылордалық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

 Ұстаздар күніне орай 30 қыркүйек күні Қызылорданың А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мұғалімдерді құттықтап, жұмыстарына табыс пен зор денсаулық тіледі.

Аймағымыздың үздік педагогтарына ҚР Білім және ғылым министрлігі мен облыс әкімінің марапаттары мен алғыс хаттары табысталды.

Айта кетейік, облыста жалпы орта білім беретін мектептерде дәріс беретін мұғалімдер саны 20 409 болса, оның 92 пайызы жоғары білімді, 46,3 пайызы бірінші және жоғары санатты педагогтар.

 Сонымен қатар, қалыптасқан дәстүр бойынша осы күні жаңашыл ұстаздар қызылорда облысы әкімімен кездесті.

Ұстаздар күніне орай Облыстық мекемелер үйінде жаңашыл мұғалімдердің облыс әкімімен дәстүрлі кездесуі өтті.

Аймағымыздың 35 жаңашыл ұстазы өз жұмыстары туралы айтып, жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде, өңір басшысы оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне мол табыс және ұстазынан оза алатын талантты шәкірттері көп болғанын тіледі.

  
02 қазан 2017 г. 3 244 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 587 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930