» » "Ең үздік педагог" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

"Ең үздік педагог" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

 Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі ағымдағы жылғы 26 қыркүйек – 4 қазан аралығында мұғалімнің қоғамдағы имиджін қалыптастыру, педагог мәртебесін арттыру, моралдық-материалдық ынталандыру  мақсатында білім беру ұйымдарында, аудандық білім бөлімдерінде, облыстық білім басқармаларында келесі іс-шараларды:

  • «Мұғаліміңді құттықта!» республикалық акциясын өткізу;
  • оқушылар арасында «Қалдырған ізің мәңгілік» шығармалар сайысын өткізу (қыркүйек-қараша айлары);
  • «Ұстазға тағзым» апталығын өткізу (оқушылардың ұстаздарға деген ықыласы, өзін-өзі басқару күндері және т.б. іс-шаралар, әр білім беру ұйымы өз жоспарын әзірлейді);
  • «Мұғалім мамандығы – беделді!» (баспасөз-конферециялар, брифингтер, телерадиобағадарламалар топтамасы);
  • Ватсап бойынша Мұғалімдер күніне арналған құттықтау открыткаларын жолдау;
  • моралдық және материалдық қолдау шаралары (сыйақы, грамота, алғыс хат және т.б);
  • білім саласына еңбегі сіңген ардагер-ұстаздарды құрметтеу сияқты  мерекелік іс-шараларды  өткізілді.

Сонымен қатар, министрлік БАҚ арасында мұғалім туралы үздік деректер, әңгімелер конкурсын өткізеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2017 жылғы 5 қазанда Қазмедиа орталылығы ғимаратында, елімізде жақсы дәстүрге айналған, жыл сайынғы «Үздік педагог» республшикалық конкурсы жеңімпаздарын салтанатты  марапаттау рәсімін өткізеді.

Аталған конкурс 2012 жылдан бастап өткізіліп келе жатыр.

Еліміздің ең үздік педагогтерін анықтаған конкурсқа  республикамыздың барлық өңірлерінен мектепке дейінгі және орта білім саласында қызмет етіп жүрген 112 ұстаз, сондай-ақ,техникалық және кәсіптік білім саласының 44 инженерлік-педагогикалық маманы қатысты.

Салтанатты мерекеде 64 жеңімпазға «2017 жылдың үздік педагогі» төс белгісі, куәлік, және 1000 АЕК сомасында сыйақы табыс етіледі.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған іс-шарада білім саласының дамуына зор үлес қосқан еліміздің 20 ұстазы ведомстволық марапаттаулармен марапатталады.

Өтетін күні: 05 қазан 2017 жылы

Уақыты: 11:00

Өтетін орны: Қазмедиа орталылығы

05 қазан 2017 г. 3 633 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 691 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930