» » Оралда оқушының орамал дауына қатысты сот отырысы өтті

Оралда оқушының орамал дауына қатысты сот отырысы өтті

 Орал қаласының азаматтық істер бойынша №2 сотында қала тұрғыны Әсет Сұлтанның №7 орта мектеп басшылығына қарсы шағымы бойынша негізгі сот процесіне алдын ала тыңдау өтті. Мектеп директоры Виктор Протасов мектептің ішкі жарғысы мен білім және ғылым министрінің "түрлі конфессиялардың діни элементтері бар киіммен мектепке кіргізбеу туралы" бұйрығына сілтеме жасап, бірінші сынып оқушысын сабаққа кіргізбей отыр, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сүйене отырып жазады.

Виктор Протасов сотта өздерінің талаптары "мектеп жарғысы мен ішкі тәртіпке толық сай келетінін" хабарлады. Ол бұған қатысты Азаттыққа комментарий беруден бас тартты.

Әсет Сұлтан бұл шектеуді заңсыз деп, соттан қызын сабаққа кіргізуді сұрайды. Оның сөзіне қарағанда, қызы мектеп формасына қоса қазақтың ұлттық бас киімі - кимешек киеді.

Шағымданушының адвокаты Арман Әбдірашит ішкі жарғы пунктері мен министрдің жарғысы Қазақстан Конституциясының "мемлекеттік мекемеде тегін орта білім алуға кепілдік беретін" және "орта білім алуға міндеттейтін" 30-бабына қайшы келетінін айтады.

Сотта адвокат пен шағымданушы сот процесі жүріп жатқан кезде оқушыны сабаққа жіберуді сұрап талап-тілек білдірді. Судья Гүлнәр Мұсаурова ол талап-тілекті қабылдамай тастады. Сотқа үшінші тарап ретінде қалалық білім бөлімінің өкілдері де шақыртылған. Бірақ олар сотқа келмеді.

Бұл шағым бойынша негізгі сот процесі 23 қарашаға белгіленді.

Бұл сотта 15 қарашаға тағы үш оқушы ата-анасының қаладағы №37 орта мектепке қарсы шағымы бойынша алдын ала тыңдау белгіленген. Мектеп басшылығы ол үш оқушыны да қазанның ортасынан бері сабаққа кіргізбей отыр.

14 қараша 2017 г. 2 819 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 766 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031