» » Оралда мұғалімдер орамал таққан оқушыларды мектепке кіргізбей қойған

Оралда мұғалімдер орамал таққан оқушыларды мектепке кіргізбей қойған

 Ақтөбеде ата-аналар қыздарының басына орамалдың орнына ақ бантик тағып, сабаққа әкеле бастағалы, хиджаб мәселесі тұрақталғандай болып еді, алайда бір ай өтпей жатып Оралдың мектептері бұл мәселеге түбегейлі қарсы шықты.Бұл 31 арнаға сілтеме жасап,NUR.KZ хабарлайды.

 Оқу жылы басталғалы мүмкіндік берген ұстаздар бірнеше орамалды оқушыны мектепке кіргізбей қойған. Ал бұған дейін жүргізілген түсіндіру жұмыстарына құлақ аспаған ата-аналар, балаларымызды сабаққа күнде ертіп әкелеміз деп отыр.

Көздері жәудіреп, мектептің кіреберісінде қаз-қатар тізіліп отырған оқушылардың өзгелерден ерекшелігі - бастарындағы ақ орамалдарында. Бір айдан бері емін-еркін білім алып келген қыздар екі күннен бері сыныптарына кіре алмай жүр. Нақтысы, орамалды шешуді талап еткен мектеп басшылығы кіргізбей қойған. Өйткені мектептің ішкі тәртібі баршаға ортақ. Алайда кешелі бері заңгерлермен кеңесіп жүрміз деген ата-аналар заң тұрғысынан әрекет етпекке бекініпті.

"Ары қарай құзырлы органдарымен жұмыс істейміз. Біз айғай-шу көтергіміз келмейді. Біз тек өз құқығымызды қорғамыз келеді және олардың талаптарына біз де заң жүзінде жауап береміз деп ойлаймын", - дейді ата-ана Тілекжан Жантілеуов.

Ал білім басқармасындағылар 2016 жылдан бері әр мектеп өзіне біріңғай мектеп формасын енгізгенін айтады. Ол орамал болсын, боянып келу болсын, қысқа киім болсын - барлығына тыйым салынған.

"Барлық мектептер баланың киім үлгісіне қатаң талап қояды, сол себептен білім туралы заңда көрсетілген барлық талаптарды ата-аналар орындау керек", - дейді Орал қаласы білім бөлімі бастығының орынбасары Батика Пайдина.

Бұған дейін Жаңаөзен мен Ақтөбе қалаларында да орамал таққан оқушылар мектепке кіргізілмей, үлкен дау туындаған еді. Онда да баламыз бас киімсіз жүрмейді деп ашынған ата-аналар, бірнеше аптадан соң қыздарын орамалсыз мектепке ертіп келген болатын.

04 қазан 2017 г. 5 336 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031