» » Жас зерттеушілер – ғылым болашағы

Жас зерттеушілер – ғылым болашағы

 Оқушылардың ғылыми-зерттеу және зияткерлік шығармашылығын дамыту мақсатында 2017 жылғы 24 қарашада Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.Бұл туралы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Қазылар алқасы білікті мүшелерінің пікірі бойынша жылдан жылға ұсынылған ғылыми жобалардың сапасы артуда. Биылғы жылы іс-шараға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері – 349 оқушы 16 секция бойынша (физика, Жер және Ғарыш туралы ғылым, техника, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, адам және қоғам, өлкетану, әдебиет, этномәдениеттану және тіл білімі) 271 жобамен қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша 186 қатысушы 139 жобамен жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде І дәрежелі дипломымен – 28 оқушы 22 жобамен,  ІІ дәрежелі дипломымен – 47 оқушы 36 жобамен, ІІІ дәрежелі дипломымен – 111 оқушы 81 жобамен марапатталды.

Ғылыми жобалар конкурсында командаларға «Мамандандырылған мектептер арасындағы оқушылардың үздік ғылыми қоғамы»,  «Қалалар арасындағы оқушылардың үздік ғылыми қоғамы»,  «Аудандар арасындағы оқушылардың үздік ғылыми қоғамы» номинациялары берілді.

«Мамандандырылған мектептер арасындағы оқушылардың үздік ғылыми қоғамы» номинациясы «Жас дарын» мамандандырылған мектебіне, қалалар арасында – Павлодар қ. құрама командасына, аудандар арасында –Ертіс ауданының құрама командасына табысталды.

«Оқушылардың ғылыми қоғамының үздік жетекшісі» номинациясына «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің мұғалімі Куватова Мадина Борисовна ие болды.

Облыстық кезең жүлдегерлері – 9-11 сынып оқушылары 2017 жылғы 5 желтоқсанда жалпы орта білім беру пәндерінен тестілеуге қатысады. Осы тестілеу қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы жобалар республикалық конкурсқа қатысу үшін алдын ала сараптамаға жіберіледі.

27 қараша 2017 г. 5 392 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 775 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930