» » Қостанай облысында жоғалған оқушының ажалы моншадан болды

Қостанай облысында жоғалған оқушының ажалы моншадан болды

Қостанай облысы Жетіқара ауданында бірінші сынып оқушысы қоғамдық моншаның кәріз құдығына батып өлген, деп хабарлайды Sputnik.

Оқушы көзі тірісінде Тимирязев ауылында тұрған. 17 қыркүйек күні ол үйден ойнауға шығып, кейін із-түссіз жоғалды. 18 қыркүйек күні баланың денесін құтқарушылары кәріз жүйесінен алып шықты.

 

"18 қыркүйек күні сағат 08:50 шамасында Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел-құтқару отрядының құтқарушылары моншаның кәріз құдығынан 2011 жылы туған баланың өлі денесін алып шықты. Марқұм жергілікті мектептің бірінші сынып оқушысы", — деп хабарлады Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті.

 

Жоғалған баланы тұрғындар бес сағат бойы іздеген. Жедел іздестіру шараларына құтқарушылар, ІІД-нің жеке құрамы мен техникасы және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

 

 

"Қайғылы жағдай ата-анасының балаға дұрыс қарамауынан болып отыр. Олар бала тәртібіне мән берсе, мұндай қайғылы жағдайдың алдын алуға болатын еді. Себебі балалардың қауіпсіздігі үшін бірінші кезекте ата-ана жауап береді", — дейді департаменттегілер.
20 қыркүйек 2018 г. 1 838 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 207 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031