» » Қарағанды облысында білім мекемелерінің жетекшілеріне қатысты 12 қылмыстық іс қозғалған

Қарағанды облысында білім мекемелерінің жетекшілеріне қатысты 12 қылмыстық іс қозғалған



 Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі білім ордаларына жүргізген тексеріс нәтижесін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тексеру қорытындысы бойынша білім мекемелерінің жетекшілеріне қатысты 12 қылмыстық іс қозғалған.
Биыл Қарағанды қаласының №3 музыкалық мектебі директоры балаларды ыстық тамақпен қамтитын фирманың тендерден ұтуына көмектесем деп 100 мың теңге көлемінде пара алған. Одан басқа, тағы 3 лауазымды жауапқа тартылған. Кейбірі жалған адамдарды жұмысқа орналастырып, олардың жалақысын өздері алып келген.
Денис Шакенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның облыстық департамент жетекшісі: - Комиссия келеді, оның келгенін ешкім білмейтін етіп жасайсыздар. Ал өздері алдын ала дайындық жүргізіп алады. Мұндай әрекеттерді жою керек. Оқу жылы бойы осы бағытты қатаң бақылауда ұстау қажет. Егер жемқорлыққа қатысты факт тіркелген жағдайда ізін суытпай хабарлауларыңыз керек. Әйтпесе, жасырғандық үшінде қылмыстық істің шеңберіне кірулеріңіз әбден мүмкін.
Тергеушілердің айтуынша, мұндай қылмыстарға баратындардың қатарында – мектеп директорларынан басқа олардың орынбасарлары, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің жетекшілері мен бас есепшілері де бар.
Жандос Сәрсенов, МҚІСЖҚІА облыстық департамент жетекшісі: - Бірнеше жылдан бері білім саласы бірден-бір сыбайлас жемқорлыққа жақын салалардың бірі болып отыр. Пара алу немесе мемлекет қаржысын жымқыру болып табылады. Адамдарды жұмысқа алу үшін алуы мүмкін немесе өзінің қандай да бір функционалдық қызметіне қатысты істерді жасау барысында біреуге артықшылық көрсетіп, сол артықшылық көрсеткені үшін болуы мүмкін.
Соңғы 3 жылда осы өңірдің білім мекемелерінің өкілдеріне қатысты 40 қылмыстық іс қаралып, 13 тұлға сотталған.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Асет Асайынов

27 қыркүйек 2018 г. 1 513 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 891 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930