» » ҚазҰУ студентінің өлімінен кейін еліміздегі барлық жатақхана тексерілетін болады

ҚазҰУ студентінің өлімінен кейін еліміздегі барлық жатақхана тексерілетін болады

 Қазақстанда студенттік жатақханада тұру ережелері қайта қарастырылуы мүмкін. Оған ҚазҰУ-дың 1-курс студентінің жатақханадағы өлімі себеп болған. Туыстарының сөзінше, марқұм мен оның курстасы шылымдық қоспадан уланып қалған, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Білім және ғылым министрлігі бұл жағдайды назарға алды. Бірінші кезекте студенттердің жатақханаға тыйым салынған затты қалай алып кіргені анықталатын болады. Бұл сұрақ ҚазҰУ басшылығына жолданады. Алайда алдағы уақытта бұл мәселе еліміздің басқа да ЖОО-ларының әкімшілігімен талқыланады.

«Оқу процесі, жайғыстыру, орналасу процестері енді ғана басталды. Яғни ұйымдастырушылыққа қатысты сұрақтар көп. Бұл жағдайдан кейін біз бұл мәселені министрлікте талқыладық. Ендігі ЖОО-лардағы тәрбие және жатақханада тұру, тұру жағдайы мен тәртіпті ұйымдастыруға жауапты проекторлармен тиісті жұмыс жүргіземіз», – дейді ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

Естеріңізге сала кетсек, 24 қыркүйекте Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жатақханасында 1-курс студенті қайтыс болған еді. Артынша марқұмның досы оқиғаға қатысты мән-жайды айтып берді.

28 қыркүйек 2018 г. 3 695 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 230 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 614 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031