» » Қызылордалық 800 түлек жүзден жоғары балл жинады

Қызылордалық 800 түлек жүзден жоғары балл жинады

Аймақта өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 800 түлек жүзден жоғары бал жинап, облыстағы орташа көрсетшіш 82,4 балды құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды alashinform.kz ақпараттық агенттігі.

 «Биылғы жылы жалпы орта білім беретін мектепті бітірген 6196 баланың ішінде 4123 ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына қатысты. Тестілеу қорытындысы бойынша екі түлегіміз ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізді. Олар облыстық «Білім инновация» лицейінің түлегі Әбдірәсіл Айзат пен Қармақшы ауданы №250 орта мектебінің түлегі Отарбай Дәурен тестілеу нәтижесінде 136 балл жинады. Аталған түлектердің екеуі де «Алтын белгі» иегері болып табылады. Жалпы аймақта үш күн бойы өткізілген тестілеудің қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 82,4 балды құрады. Сынақ барысында тестілеу пунктерінде оқыс оқиға мен ереже талаптарының бұзылу деректері орын алған жоқ» - деді басқарма басшысы.

Айта кетерлігі, өткен жылы қызылордалық түлектер ҰБТ қорытындысымен республикада алғашқы бестіктің қатарынан көрінді. Бұл көрсеткіш оқушыларды аймақтағы жыл бойы жұмыс жасайтын тынығу лагерлерінде қосымша оқытудың нәтижесі.

17 шілде 2017 г. 2 679 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 698 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930