Қызылорда облысының мектептерінде тамақтандырудың жаңа талаптары енгізілді

Айта кетсек, өткен жылы Жаңақорған ауданында 25 оқушы астан улану дерегі тіркелген болатын. Эпидемиологиялық тексеріс нәтижесінде жаппай улану қарақұмық және жұмыртқа пайдаланғаннан болғаны анықталды. Осындай келеңсіз жайттар қайталанбас үшін әр мектепте ата-аналар мен түрлі сала өкілдерінен құралған арнайы комиссия құрылды.
Нұржан Жұманов, облыстық білім басқармасының бас маманы: - Балалардың тамақтан улануының алдын алу үшін іс-шара жоспары бекітіліп, рейд жүргізіліп жатыр. Оқу жылы енді басталды. Алдағы қазан, қараша айларында рейд жүргізіледі. Рейд аясында санитарлық талаптарға сәйкес 611 бұйрықта көрсетілген мектеп асханасы, буфеттерінде сатуға тыйым салынған тамақтарды сатпау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.