» » Бүгін Астаналық бүлдіршіндерге балабақшаға жолдама беріледі

Бүгін Астаналық бүлдіршіндерге балабақшаға жолдама беріледі

 2 қазанда балабақшаға 300-ден аса жолдама беріледі, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2 қазанда келесі мектепке дейінгі мекемелерде электронды жолдама беру басталады: № 95 "Almaty balabaqshasy" (Алматы к, 4) және № 54 "Нұр-ай" (Қарқабат к, 15).

Өз уақытында құжат тапсырған ата-аналар және орын алғандарға смс-хабарлама келеді. Балабақшаға берілетін жолдаманы анасы немесе әкесі ЭЦҚ-кілті арқылы E.ASTANA.KZ сайты арқылы алады. Жолдама қазақ және орыс топтарына беріледі. Айта кетейік, жоғарыда көрсетілген балабақшадағы орынды үш күннің ішінде (2, 3 және 4 қазанда) таңдауға болады.

5 қазан таңертеңнен бастап сұраныс болмаған орындар қолжетімді бос орындарға жүктеледі, яғни оны келесі кезектегілер алады. Астаналық білім басқармасы астана тұрғындарына электронды кезекке қою туралы сұрақтар бойынша консультация күндері болатынын тағы да еске салады. Ол әр сәрсенбіде сағат 9-дан 18.00-ге дейін барлық мектепке дейінгі мекемелерде өтеді. Айта кетейік, 2017 жылдан бастап 55 мың орын электронды жүйе арқылы берілді.

02 қазан 2018 г. 875 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930