Мұғалімдерге жасалған сыйлық пара деп есептеліне ме?
Мұғалімдерге сыйлақ беру дұрыс па, әлде бұл пара деп есептеліне ме? Қазақстандық оқушылардың ата-аналары мұғалімдердің 7 қазан күнгі кәсіби мерекесіне орай сынып жетекшілерге және пән мұғалімдеріне сыйлық жасау үшін ақша жинауда.
Оқытушылардың сыйлығына жиналатын қаражат аймаққа және отбасылардың жағдайына қарай 500 теңгеден жоғары. Ал, білім министрлігі әрбір қымбат сыйлықты шын мәнінде пара және заңның бұзылуы деп санайтынын еске салуда. Оның үстіне мектептерде ақша жинауға тыйым салынған болатын.
Жыл сайын мұғалімдер күні қарсаңында әлеуметтік желілер мен хабаршыларда ата-аналарға арналған ескерту жарияланады. Онда ата-аналар комитетінің өкілдеріне мұғалімдерге, буклеттерге, плакаттарға және мерекелерге арналған басқа да әшекейлерге ақша жинауға рұқсат берілмегені туралы ескертілген. Мәтінде тіпті, ақша жинауға қатысу парақорлыққа қатысы бар деп саналатыны айтылған.
Бірақ, білім министрлігі осындай хабарламаларды жібергендерін мойындамайды. Вице-министр Бибігүл Асылованың айтуынша, ақшаны әкімшілік атынан жинауға тыйым салынған. Ал, ата-аналар комитетінің өз еркімен қайырымдылық жасауына тыйым салынбаған дейді вице-министр. Ең бастысы, сыйлықтың құны 2 АЕК-тен яғни, 5 мың теңгеден аспауы тиіс. Әйтпесе, мұғалім мемлекеттік қызметші ретінде жазалануы мүмкін.
«Мен мектепте оқыған кезімде біз 1 қыркүйекке баратын кезде мұғалімдер үшін гүл өсіретінбіз. Мен өзім қарапайым ауылдық мектепте оқыдым. Ол кездері біз жаз бойы гүлдерді күтіп, баптап сабақ басталғанда мұғалімдерге сыйлайтын едік. Меніңше, осындай кішігірім назар аударарлық белгілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға қайшы келмейді», – дейді ҚР білім министрлігінің вице-министрі Бибігүл Асылова.
Сондай-ақ, мұғалімдерге сыйлық беру қауіпсіз бе деген тақырыпта сауалнама жүргізілген екен. Сауалнамаға сәйкес, көптеген желі қолданушылары мұғалімдер күніне арналған сыйлық міндетті болып саналады және адамдар оған ақша жұмсауға дайын деп есептейді.
Көбісі ең қауіпсіз және ең қажетті сыйлықтардың бірі сұлулық салонына арналған сертификат деп санайды. Алайда, сауалнамаға қатысушылардың арасында ата-аналар комитетінің қысымына шағымданған көпбалалы аналар да бар. Олардың сөзінше, ақша өткізбегендердің жеке тізімі жасалып, содан кейін мұғалімдерге беріледі екен.