» » Қазақстанда ұстаздар күні қашан?

Қазақстанда ұстаздар күні қашан?

 Елімізде ұстаздардың еңбегін жоғары бағалайды. Жыл сайын олардың жалақысын көтеру және жұмыстарын жеңілдету мәселелері қаралады, деп хабарлайды Sputnik.
1994 жылдан бері дүние жүзінің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мерекені 5 қазан күні атап өтеді.
Біздің мемлекетімізде де бұл мерекені қазан айының алғашқы жексенбісіне белгілеген. Дәлірек айтсақ, мұғалімдер күні 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО жоғарғы кеңесі президумының бұйрығымен қазан айының алғашқы жексенбісіне қойылған. Сондай-ақ 1966 жылы 5 қазанда ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері "Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар" құжатына қол қойған.
Ұстаздар күні — көпшілік жақсы көретін кәсіби мерекелердің бірі. Бұл күні ұстаздар өздерінің шәкірттерінен тілектер мен гүлдер, сыйлықтар қабылдайды. Сондай-ақ, мектептерде концерттер ұйымдастырылып, түрлі-түсті қабырға газеттері әзірленеді.
Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді.
Сол себепті мереке қарсаңында ұлағатты ұстаздардың жұмысын жеңілдету мақсатында мектептерде оқушылардың өзін-өзі басқару күндері өтеді. Жоғары сынып оқушылары ұстаздардың орнына төменгі сынып оқушыларына сабақ береді. Ол үшін алдын ала ұстаздардан ақыл-кеңес алады.
Қазақстандық ұстаздар бұл мерекені міндетті түрде педагогикалық ұжыммен бірге атап өтеді. Сондай-ақ, бұл күні үздік ұстаздар Астана қаласында бейбітшілік және келісім сарайында өтетін іс-шарада марапатталады.
Елімізде ұстаздардың еңбегін жоғары бағалайды. Осы бағытта жыл сайын олардың жалақысын көтеру және жұмыстарын жеңілдету мәселелері қаралады. Мысалы, 2017 жылдан бері мұғалімдерді бөгде жұмыстарға тартып, үй аралатуға тыйым салынды. Алайда бұл практика жүзінде әлі бар болғандықтан, биыл да Білім және ғылым министрі тамыз конференциясы кезінде облыс әкімдері орынбасарлары мен басқарма басшыларынан бұл практиканы тоқтатуды талап етті. Сондай-ақ, биылғы оқу жылынан бастап ұстаздар 5 құжат қана толтыруға міндеттелді. Олардан артық ешқандай құжат сұралмауы тиіс.
Министрлікте жаңа оқу жылынан бастап мұғалімдерді ҰБТ-ға қатысу міндетінен босату талқылануда. Осы орайда мектептер арасында ҰБТ бойынша рейтинг алынып тасталды.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 205 мың (67%) мұғалімнің жалақысы 30% көбейді. 2018 жылы педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. Ол біліктілік санаттары үшін лауазымдық жалақыға 30-дан 50%-ке дейін қосымша үстемақыны қарастырады.
Мамыр айында өткен аттестаттауға 60 мыңға жуық мұғалім қатысып, олардың ішінен 36 мыңнан астамы сынақтан өтті. Олар 63%-ті құрады. Қыркүйек айынан бастап жаңа аттестация тәртібінен өткен мұғалімдерге категорияларына сәйкес қосымша ақы төленеді. Бұдан өзге елімізде ұстаздарға үй беру және т.б. мәселелер де қарастырылған.

01 қазан 2018 г. 244 327 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 988 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 794 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930