» » Жаңа талапта – жаңа мектеп

Жаңа талапта – жаңа мектеп

2020 жылы 2 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында бой көтерген «Intellect Primary School» білім ордасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Салтанатты шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Амангелдіұлы Мұхаметжан, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Көлгінов Алтай Сейдірұлы, Есіл ауданының әкімі Берік Оралұлы Джакенов,«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Керімқұлқызы Рамазанова, Нұр-Сұлтан қаласының «Атамекен» ҚР ҰКП директоры Алмат Асқарұлы Джунусов, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Маратқызы Қадыроважәне өзгеде қонақтар қатысады деп күтілуде.

Заман талабына сай ашылған мектепте 1-4сыныптағы  200 оқушы оқи алады. Білім ошағының негізін білім саласында тәжірибесі мен білімі мол, Назарбаев зияткерлік мектептері жүйесінде қызмет атқарған мұғалім-сарапшылар Інжу-Маржан Хуанбайқызы мен Ғалия Райымбекқызы қалап отыр.

IPS мақсаты - жан-жақты дамыған, интеллектуалды, адамгершілік қасиеттері қалыптасқан, алған білімдерін өмірде қолдануға және жарқын болашақ жасауға өз үлесін қосуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.

IPS-те негізгі пәндер (математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, информатика) кіші топтарға бөлініп, тереңдетіліп оқытылады. Мектепте робототехника, тоғызқұмалақ, дизайн, актерлік шеберлік, хореография, домбыра, футбол үйірмелері жұмыс істейді.

Ашылу рәсімі барысында мектеп оқушыларының қатысуымен мерекелік концерт ұсынылады. Сондай-ақ, мектепті таныстыру мақсатында шағын экскурсия ұйымдастырылмақ.

Өтетін орны: Intellect Primary School (Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тельман алабы, Е 565 көшесі, №7 үй).

Өтетін уақыты: 02.02.2020 жыл, сағат: 11.00

Анықтама телефоны: +7(701) 125 90 35


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
31 қаңтар 2020 г. 2 020 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 704 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930