» » Тараз қаласы әкімі үздік ұстаздарды марапаттады

Тараз қаласы әкімі үздік ұстаздарды марапаттады

Білім күні қарсаңында Тараз қаласында ашылған №3 мектеп-лицейінде қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың қатысуымен ұстаздар күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Бұл туралы "Edunews.kz" AA “ZhambylNews” Ақпарттық Агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мерекелік шара барысында Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов үздік ұстаздарға ҚР білім және ғылым министрінің, облыс әкімінің құрмет грамоталарын, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» және Ы.Алтынсарин төсбелгілерімен, Тараз қаласы әкімінің және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрмет грамотасы мен төсбелгілерімен марапаттады. Барлық марапат иелеріне Кәсіподақтың Тараз қалалық комитетінің атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ,  қаланың 10 ұстазы «Озат педагог» номинациясы бойынша марапатталып, 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды.
10 қазан 2018 г. 1 720 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 745 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930