» » «Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумы

«Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумы

2020 жылдың 24 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының  ұйымдастыруымен   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталық базасында «Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумы өтті.

Форумның мақсаты - Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты  сәтті  таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді  бірлескен  қоғамдық  маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.

Форумға Тараз қаласы мен аудандардың жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары «Осындай мамандық бар» атты компьютерлік презентация, «Адами ресурстар болашақ капиталы» видеоблогерлер байқауы, «Мен мамандықтар әлемінде» әдеби байқау (эссе), «Мамандық: кеше, бүгін, ертең» көңілді тапқырлар клубы сайысы номинациялары бойынша барлығы 200-ге жуық мектеп оқушылары қатысты.

 Іс-шараның қорытынды бөлімінде форум жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Осындай мамандық бар» атты компьютерлік презентацияда 

І дәрежелі дипломмен Меркі ауданы, Өркен БШББД орталығының оқушысы Р.Кулыгин,

ІІ дәрежелі дипломмен Сарысу ауданы, Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы А.Қайратұлы,

ІІІ дәрежелі дипломмен Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясының оқушысы Д. Қабыланова марапатталды.

«Адами ресурстар болашақ капиталы» видеоблогерлер байқауында

І дәрежелі дипломмен Байзақ ауданы, Сарыкемер мектеп-гимназиясының оқушысы Ж.Сарсен,

ІІ дәрежелі дипломмен Жамбыл ауданы, А.Макаренко орта мектебінің оқушысы Н.Анарбекова,

ІІІ дәрежелі дипломмен Меркі ауданы, Өркен БШББД орталығының оқушысы А.Самбаева марапатталды.

«Мен мамандықтар әлемінде» әдеби байқауында (эссе)

І дәрежелі дипломмен Сарысу ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Г.Әсетқызы,

ІІ дәрежелі дипломмен Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясының оқушысы Б.Сатиева,

ІІІ дәрежелі дипломмен дипломмен Байзақ ауданы, Сарыкемер мектеп-гимназиясының оқушысы Ж.Сарсен марапатталды.

«Мамандық: кеше, бүгін, ертең» көңілді тапқырлар клубы сайысында 

І дәрежелі дипломмен Сарысу ауданы, Абылайхан мектеп-лицейінің «Самұрық Сарысу» тобы,

ІІ дәрежелі дипломмен Қордай ауданы, №51 орта мектебі «Антивирус» тобы,

ІІІ дәрежелі дипломмен дипломмен Меркі ауданы, №20 орта мектебі «Балдырған» тобы марапатталды.

Жеңімпаздар 2020 жылдың наурыз айында өтетін Республикалық форумға жолдама алды.

Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі.

 


17 наурыз 2020 г. 2 852 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 712 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930