» » Қазақстандық мектеп түлектері ақысын төлеп екінші рет ҰБТ тапсыра алады

Қазақстандық мектеп түлектері ақысын төлеп екінші рет ҰБТ тапсыра алады

Үкімет Білім және ғылым министрлігі және қоғам қолдаған сенат бастамасы бойынша осы жылы мектеп түлектеріне ҰБТ тапсыруға екінші мүмкіндік берілмек, деп хабарлайды BNews.kz.

 

Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, Қазақстан ҰБТ тапсырмайтын түлектер саны жыл сайын артып келеді. Осы жылы олардың саны шамамен 46 мың адамды құрады. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Кеше ғана мектеп оқушысы болған 100 мыңнан астам бала жоғары оқудан тыс қалып қояды. Олардың 25 мыңы жоғары оқу орнына да, колледжге де түспейді.

Сонымен бірге, түлектердің көпшілігі Ресей мен Қытайдағы жоғары оқу орындарына түседі. Салалық министрлікті қазақстандық мектеп түлектерінің басқа елдерге академиялық миграция көрсеткіші алаңдатып отыр. 2015 жылы Ресейде шамамен 39 мың қазақстандық жас оқыған. Мектеп түлектері ҰБТ тапсырғанда төменгі шекті деңгейден бір немесе бірнеше балл жинай алмай, ақылы түрде шетелдің жоғары оқу орынана түседі, демек олар басқа елдердің жоғары біліміне қаржы салады.

«Бұл мәселе бойынша біздің алдымызда президент қойған тікелей тапсырма тұр. Осы жылы біз жастарға біздің жоғары оқу орындарымызға түсуге мүмкіндік бергіміз келеді. Әсіресе, колледж түлектері ескеріледі. Жоғары оқу орындарын бітірген жастардың барлығы жұмысқа орналаса алмайтынын түсінеміз. Алайда, тұтас алғанда, басқа елдер сияқты біз жоғары білімді қоғамға ұмтылуымыз қажет. Соңғы 40 жыл ішінде әлемдегі студенттер саны 6 есе өсті. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша жоғары оқу орындарына 150 млн адам түседі. Соңғы 10 жыл ішінде бұл көрсеткіш 50 пайызға артты», - деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.

Айта кетейік, ҰБТ-ны қайтадан тапсыру ақылы негізде болмақ. Министрлік өкілдері сендіргендей, сынақты екінші рет тапсыру құны көп болмайды. Ал ҰБТ тапсыру механизміне биыл ешқандай өзгеріс енгізілмейді.

25 шілде 2017 г. 3 568 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 583 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930