» » Ұлы дала мұрагерлері

Ұлы дала мұрагерлері

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым – 2020». өлкетану-зерттеу экспедициясының қорытындысы жарияланған  дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өз мәресіне жетті.

Биыл қашықтан өткізілген байқауға шығармашылық жұмыстар мен жобалардың максималды саны ұсынылып, онлайн экспедиция бағдарларында қатысушылардың рекордтық саны тіркелді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы NIS-тің әлеуметтік жобалары қатарында айрықша орын алатынын баса айтты, оның әрбір қатысушысы өзін жеңімпаз санауға толық құқығы бар, себебі олар өз елінің тарихи, археологиялық, мәдени, архитектуралық, индустриалдық көрнекі орындарын зерттеді.

Күләш Ноғатайқызы NIS жүйесінің барлық оқушылары мен ұстаздарын еліміздің бас мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Қазақстанның 29 жылда қол жеткізген жетістіктерін барша әлем мойындап отыр. Отандық білім берудегі ең табысты жобалардың бірі – Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетінің құрылуы, «Болашақ» президенттік бағдарламасының енгізілуі. Күләш Ноғатайқызы Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақордада алғашқы Назарбаев Зияткерлік мектебінің алғашқы директоры Мейрам Жакеновтың «Құрмет» орденмен марапатталғанын айтып, қуанышты жаңалығымен бөлісті. Мұндай жоғары мемлекеттік марапат барлық NIS жүйесінің мойындалғанын білдіреді.

Экспедицияның бірегей бағдарларымен жүріп өткен барлық қатысушыларды белгілі қазақстандықтар құттықтады: ғарышкер, «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов;  «Univerity Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы, Қазақстанның Еңбері Ері Юрий Пя; Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мусаходжаева, Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2020 жылғы түлегі Альнур Акчурин. Олардың әрқайсысының кәсіби жетістіктері оқушыларды табыстың жаңа оқиғаларына жігерлендіре түседі. Онлайн форматқа қарамастан, монитордан әйгілі робот София шыға келгенде қошеметтер легі толастамады. Ең әйгілі гуманоидпен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары оны жасап шығарушы Дэвида Хэнсонмен жасанды интеллект бойынша өткен сабақ барысында достасып үлгерген.

Алты аталым бойынша үздік жұмыстарды тікелей эфирде жеңімпаздар таныстырды. 

Бұл Ердәулет Махамбет, Заңғар Өтеш, Ақниет Абдашим, Асия Ильясқарова, Мұхтар Қабылбек, Шыңғыс Ерлер, Алуа Мыңжасар, Аңсар Абдулла, Аяжан Төлеген, Нұрсұлтан Жақсыбеков, Жанасыл Рысбек бастаған Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы мектептің авторлық ұжымы.  «Ұлы дала өркениеті» номинациясында олар «Көне қалашық» Шымкент қаласының мәдени-тарихи бренді бола ала ма?» жобасын дайындаған.

Елордадағы физика-математика бағытындағы мектептен Асылжан Еген мен Ансат Джартыбаев «Artemia salina» жобасының авторлары,  «Туған өлкем – жұмақ мекен!» табиғи қорықтар бағдарының жеңімпаздары атанды. 

«Madeni Zhangyru» мобильді қосымшасы Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы мектептің оқушысы Михаил Дудиновқа «Ұлт руханияты – бабалар аманаты» мәдени мұра бағдарында жеңіс әкелді.

«Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует» инновациялық-өндірістік бағдарында Қарағандыдан «Физикалық тапсырмалардағы сүйікті қалам» жинағын жасап шығарған Камила Тазабекова жеңімпаз деп танылды.

Тараздағы NIS оқушысы Сания Қайнарқызының «Шерхан Мұртаза – екі қанатта» аса көрнекті графикалық туындысы «Селт еткізер, ерен ой» шығармашылық аталымында үздік атанды.

«Шарын шатқалының әуенін» жазған Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектептен Шұғыла Нұржанқызы үздік эссенің авторы атанды.

Экспедицияның барлық қатысушылары келесі жылы қашықтан өткен бағдарларын шынайы өмірде қайталап, туған елдің жаңа көрнекі жерлерін зерттеуге дайындық үстінде. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «Туған елге тағзымды» жалғастыруда. 


Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі
14 желтоксан 2020 г. 8 090 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 615 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930