» » «Ұлы дала мұрагерлері» Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды

«Ұлы дала мұрагерлері» Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалатын болады, деп хабарлайды edunews.kz Ақпарат Агенттігі.

Бірінші желтоқсанға Зияткерлік мектептер желісінде ауқымды бағдарлама жоспарланған. Мерекелік марафонды алғашқылардың бірі болып Өскеменде «Елбасы сүйген ел әні» бастады, бейнечеллендж Қарағандыдағы және Петропавлдағы Зияткерлік мектептерге жолданды.

Тұңғыш Президент күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде UNICEF және балалардың құқығын қорғау тақырыбында kahoot ойыны, «Елбасы өмірбаяны және жасампаз идеялары» конференциясы, «Ұлт көшбасшысы» кураторлық сағаты, «Елбасы өмір жолы» тақырыбында интеллектуалдық ойындар өткізілді. Мектептің жас домбырашылары «Күй орындау» челленджін бастап, оны Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектепке жолдады. Сонымен қатар, мереке аясында «Көшбасшылық туралы ойлар» бейнеролигін түсіру, «Замандастар жырлайды» жобасы бойынша «Жас ақындар» клубының өлең шығару флешмобы, «Дара жол» викторинасы және «Елбасы жолы – Дара жол» атты кураторлық сағаттар өткізу жоспарланған.

⠀         Оралда «Президенттің бастамалары» тақырыптық NIS Tallks өтеді. Қостанайда «Елбасының кітаптары» атты виртуалды көрме әзірленуде. Қызылордадағы зияткерлік ойынға оқушылармен біргек олардың ата-аналары да қатысатын болады. Павлодарда «Замандастар жырлары» жобасы аясында дикторлар клубы көркем оқудан «Тәуелсіз елдің ұландары» байқауын ұйымдастырмақ.⠀

Талдықорғанда кездесуге Алтын домбыраның екі дүркін иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жандарбек Бұлғақов шақырылды. Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектепте «Елбасы – Мәңгілік ел көшбасшысы» атты онлайн конференция өтеді.⠀

Барлық Зияткерлік мектептерде «Бүгінгі шаңырақ көшбасшылары – болашақ ел көшбасшылары» көшбасшылар форумы мен «Әлем таныған Елбасы» TEDx конференциялары, «Қазақстандық жол. Н.Назарбаев» виртуалды экскурсиялар мен «Ел тірегі – Елбасы» кітап көрмелері, «Елбасының қолтаңбасы» эссе және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» сурет байқаулары, қайырымдылық акциялары, спорттық эстафеталар мен тимбилдингтер, «Елімнің бағы – Елбасы» атты концерттер мен өзге де шаралар өтетін болады.

Мереке күндерінде барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қашықтан ұйымдастырылған «Туған елге тағзым» тарихи-өлкетанулық зерттеу экспедициясы өз мәресіне жетеді. Әрбір өңірде балалар төрт бағдардан өтті: тарихи мұра («Ұлы Дала өркениеті»); табиғи қорық («Туған өлкем – жұмақ мекен!»); мәдени мұра («Ұлт руханияты – бабалар аманаты»); инновациялық даму («Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует»).


Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі
30 қараша 2020 г. 18 317 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031