» » ҚазҰУ студенттері Елбасы мақаласын талқылады

ҚазҰУ студенттері Елбасы мақаласын талқылады

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер құрылыс жасағы (СҚЖ) Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады. Тарих ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстан тарих кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Еділ Ноянұлы мақаладағы негізгі басымдықтарға бағдар жасап, жай-жапсарын жастарға түсіндіріп берді.Бұл туралы ҚазҰУ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.




Шара барысында бүгінгі күннің басты қажеттілігі болып табылатын білім жайы сөз болып, рухани жаңғырудың негізгі жолдарының бірі − дүниетанымды кеңейтудің маңыздылығы ескерілді.

Еділ Ноянұлы прагматизмнің өзектілігіне тоқталып, Елбасы мақаласындағы «Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы», - деген жолдарды айрықша атап өтті. Мақаладағы сүбелі ойларға негіз жасай отырып ол жиынды мардымды әңгімеге ұластырды.

Өз кезегінде жасақтағы студенттер де мақала жайында ойларын ортаға салды. Механика-математика факультетінің 3-курс студенті Асхат Асанбаев «Елбасы айтқандай, табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Осы орайда балаларды мектеп қабырғасынан білім нәрімен сусындатып, рухани тәлім берудің маңызы зор деп білемін», - дейді. Оның пікірінше, бұл жемқорлықтың алдын алудың басты тәсілі.

Жиналған студенттер мақаланың қазақ елін жарқын болашаққа жетелеріне нық сенімді. Олардың айтуынша, мақаланы талқылай келе одан әрі алға ұмтылып, жігерлене түскен. Жиында керек ақпарат пен көптен көкейінде жүрген сауалдарына жауап алып, кеңінен әңгіме-дүкен құра алғандарына қуанышты. Таңның атысынан күннің батысына дейін еңбек ететін СҚЖ-лықтар үшін мағынасы мол рухани кеш болғанын айтады.

   

  

07 тамыз 2017 г. 667 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031