» » Педагогтің кәсіби мәдениетіндегі этикасы

Педагогтің кәсіби мәдениетіндегі этикасы

2021 жылы 02 ақпан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы  Н.Исманованың ұйымдастырумен Youtube-каналда онлайн режимінде «Педагогтың кәсіби мәдениетіндегі этикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Шымкент қаласы және Түркістан облысының Арыс, Сайрам, Түлкібас аудандарының  жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: педагогтерды педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі үшін атқарылатын кәсіптік жауапкершіліктің көрсеткіштерімен таныстыру.

Іс-шара барысында Исманова Н.Е. баяндама жасап қатысушыларға келесі тақырыптарды ұсынды.

Педагогикалық әдеп дегеніміз не;

Педагогикалық шеберлік;

Педагогикалық әдеп көрсеткіштері.

Дөңгелек үстелге қатысқан педагогтер бұл тақырыптың өте өзекті екендігін атап, кері байланыста алғыстарын айтып, педагогтың кәсіби іс-әрекетінде этиканың маңызын жете түсінгендерін айтты.

Дөңгелек үстелдің толық нұсқасын осы сілтеме арқылы көре аласыздар:  https://youtu.be/hNrHhx05-Gs 

05 ақпан 2021 г. 1 818 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 220 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 610 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031