» » Тағы бір кітап тұсауын кесті...

Тағы бір кітап тұсауын кесті...

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы «Хакім Абай» музейінде 10 наурыз күні сағат 15.30 да М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, Абайтанушы Мақсат Әліпханұлының «Адамгершілік ілімі және Хәкім Абай» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті              

Іс-шараға Абайтану ғылымының көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және халықаралық «Түрік еліне қызметі сіңген» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы; Қоғам және мемлекет қайраткері Шалатай Мырзахметов; Жазушы, журналист Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Түркі әлеміне еңбегі үшін» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт; М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң «Филология» факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Мақұлбекұлы Тілеубердиев; М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң «Абайтану» ғылыми оқу орталығының аға қызметкері Құралбек Ергөбек; М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң «Абайтану» ғылыми оқу орталығының меңгерушісі Саттар Өмірзақ; Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Зәуре Оралбаева; Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент ОҚМПУ-нің «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы

    Қайрат Анарбаев; «Шымкент қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Абай атындағы орталық кітапханасы» директоры Гүлсім Әлкебайқызы Шатырбекова және Жастардың Уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының «Жас қаламгер» клубының жетекшісі Мухтарова Марғупа, кітапхана және музей қызметкерлері, ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.Бұл рәсімді «Сырлы сөз» үйірмесінің жетекшісі А.Ә. Қонысбаева жүргізді.

Белгілі абайтанушы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әліпхан Абайдың 175 жылдығы аясында,  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің  «Әдебиеттің  әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрген «Адамгершілік ілімі және Хакім Абай» атты кітабын жұртшылыққа таныстырды. Мұндай іс-шаралар халқымыздың ғұлама ойшылы, ұлы Абай туралы жастардың білімдерін жүйелеп, адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелейді. Адамның ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамытады.

Кітапта адамзат танымының тарихында қызу талқыланған адамгершілік ұғымының мән-мазмұны мен төркін-тегі Аристотель, Плотин, әл-Фараби, ибн Сина еңбектері негізінде жүйеленіп, айқындалған. Адамгершіліктің ең берісі қайырымдылық пен жан денсаулығы, ең әрісі Игілік пен Бақыт екені түйінделген.Кемел кісілікке жету жолын нұсқаған еңбекте төркіні де, танымы да терең осы адамгершілік ілімінің қазақ әдебиетінде Ж.Баласағұн, А.Йасауи, Абай, Шәкәрім шығармалары арқылы жүйелі жырланғаны қарастырылады. Адамгершілік ілімі Хакім Абай шығармаларынан бастау алып, тамыр-тегінен тартып таратыла сөз етіледі.

Кітап жоғары оқу орны шәкірттері мен талапты жастарға және көзіқарақты оқырман қауымға арналған.

Іс-шара өте жоғары дәрежеде өтті. Мақсат Әліпхан – Абайтану ілімінің көшбасшысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және «Түрік әлеміне қызмет» Халықаралық сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының шәкірттерінің арасынан басқаша, ең озық ретінде бағаланды. 


Автор:

Керимбекова Ф.К.              

«Жаратылыстану және гуманитарлық 

пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы

 

15 наурыз 2021 г. 1 306 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 710 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930