» » Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман

Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман

2020 жылдың 30 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты (ББЖ ҚБАРИ) «Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман»  тақырыбында онлайн форматта Республикалық форум өткізілді.

Форумның мақсаты: ұлы ойшыл-ғалым және энциклопедист Әбу Насыр Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасын жинақтау, оның ағартушылық қызметінің гуманистік аспектілерін, шығармашылығын қазіргі педагогикада дамыту.

Құттықтау сөзімен ББЖ ҚБАРИ директоры,  п.ғ.д., профессор Макатова Ж.А., ф.-м.ғ.к., директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Н.О. Қойлық  сөз сөйледі.

Ісшараға жетекші ғалымдары (түркітанушылар, шығыстанушылар, философтар), жазушылар, республиканың педагогикалық қоғамдастығы қатысты.

Республикалық форумға қатысушылар Мұхамбетжанова С.Т., п.ғ.д., доцент, ББЖ ҚБАРИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі,  Момынова Б.Қ., ф.ғ.д., профессор, ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының  Грамматика бөлімінің меңгерушісі,  Нурышева Г.Ж., ф.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының профессоры, Қалиева А.Қ., ф.ғ.к, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары,   Дүйсенбаев А.Қ., п.ғ.к., доцент, Баишев университеті, Білім берудің жоғары мектебінің деканы, Бірәлі Г.А., ф.ғ.к, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті академиясының доценті,   Ибраева А.Д., Абай атындағы ҚазҰПУ көптілді   білім беру және филология факультетінің қауымдастырылған профессор м.а. Молдабаева В.Д., Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті академиясының аға оқытушысы, Оспанова Г.Т., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы,  Ботабекова А. А., Алматы қаласы Білім басқармасының «94 мектепгимназия» КММ директоры,  Бекжасарова С.Д.,  Павлодар облысының «Ертіс №3 орта мектебі» КММ директоры,  Тлеубаев Ғ.М., ШҚО, Бородулиха ауданының Әлихан Бөкейханов атындағы қазақ орта мектебінің директоры сөз сөйледі.

Республикалық онлайн форумның қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды, электронды жинақ шығару жоспарлануда. 


Автор:

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің 

басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын

Республикалық институтының PR, SMM - мамандары

31 қазан 2020 г. 1 408 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 618 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930