» » NIS-те «Жасанды интеллект және мехатроника» Наурыз кездесулері өтуде

NIS-те «Жасанды интеллект және мехатроника» Наурыз кездесулері өтуде

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Наурыз кездесулері өтуде. Биылғы жылы көктемгі дәстүрлі ғылыми жобалар байқауы қазіргі заманның ең өзекті басымдықтарының бірі – «Жасанды интеллект және мехатроника» тақырыбына арналды.

Екі күн бойы Зияткерлік және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде онлайн форматта вебинарларды тыңдады, онда жасанды интеллект, цифрлы технологиялар, робототехника, инженерия, сәулет және экология саласындағы танымал отандық және шетелдік спикерлер сөз алды.

Олардың қатарында Австралиядан су көліктері түрлері бойынша сарапшы Брендан Норман, ресейлік «R:ED» компаниясының білім беру жобаларын дамыту бөлімінің басшысы Алиса Большакова, Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкері Жанат Махатаева және басқа да беделді ғалымдар бар.

Ал кездесудің басты тұстары еш өзгеріссіз қалды. Зерттеу жүргізуге құштарлық, жас ғалымдардың батылдығы, тамаша теориялық дайындық, жаңа жобаларға шабыт беретін командалық рух – барлығы сол қалпында сақталған.

- Бренден мырзаның сутегі қозғалтқыштары және біздің елдердегі ластану пайызын азайту жолдары туралы әңгімеге негізделген дәрісі маған қатты әсер етті. Сонымен қатар, біз көліктерімізді жетілдіру жолдары мен сутегі қозғалтқыштары қалай жұмыс істейтінін білдік. Жалпы, вебинарлар мазмұнды және өте қызықты өтті, - дейді Владислав Цой, №20 лицейінің 9-сынып оқушысы.

Оқушылар әйгілі швейцариялық футуролог Герд Леонхардтың қосылуын асыға күтті, оның вебинар тақырыбы ерекше қызығушылық тудырды - «Машиналар мен адамзаттың болашағы. Жасанды интеллект және адам интеллектісі».

-Біз өзгерістер әлеміне нық қадам басып келеміз. Өзгерістерге кванттық компьютерлер, әртүрлі тілдерді қайта өңдеу, блокчейн, 3D басып шығару, гендік инженерия, виртуалды шындық сияқты заттар кіреді. Басында бұның бәрі баяу, біртіндеп дамиды деген ойда болдық, алайда бұл процестер әп-сәтте және тез дами бастады, – дейді Герд Леонхард, –  Адамзаттың іздегені адамдарға ұқсайтын машиналар емес, пайдалы заттар, зияткерлік көмек болуы керек.

Бүгінгі наурыздағы практикалық сабақтар топографиядағы Пифагор теоремасы, ғарыштық материалдарды құру және химия, биология, физика, математика және информатика саласындағы басқа да жобаларға арналды.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жер сілкіністерін түсінуге арналған математикалық модельдеуді қолдану» мастер-классы өтті.

Бұл практикалық сабақта оқушылар жер сілкінісі туралы мәліметтерді визуализациялау үшін сейсмограф құрып, жер сілкінісінің әсерін азайтуға қолданылатын заманауи инженерлік әдістерді зерттеді.

- Біздің құрылғы сейсмикалық белсенділікті болжайды. Дизайн үшін біз Arduino платосына негізделген құрастыру мен бағдарламалауды қолдандық. Бұл жобаны жүзеге асыру география, физика, информатика және робототехника пәндерінен білім алуға мүмкіндік береді, - деп 9-сынып оқушысы Аружан Мамырова өз пікірімен бөлісті.

Наурыз кездесулерінің шексіз ғылым мен шабыттың мерекесі екенін айқындай түсті.

05 сәуір 2022 г. 2 530 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031